Журналистика меектебіне қабылдау жалғасуда

Журналистика меектебіне қабылдау жалғасуда
жеке
блог

Mediaschool- еліміздің шынайы медианарығына бейімделген журналистика және РR Мектебі.

Журналистика мектебі журналистік шеберлікті меңгергісі келетіндерге бірақ, БАҚ саласына қажетті тәжірибесі жоқ адамдарға арналған. Оқу қазақ тілінде жүреді. Қарқынды практикалық оқыту бағдарламасы мынадай блоктардан тұрады:

-Баспасөз БАҚ-ы; 

-Ақпараттық агенттіктері мен электронды БАҚ құралдары;

- Заманауи медиа;

- БАҚ және құқық.

Оқу барысында студенттер Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпылама мәлімет алып,жарияланымдардың құрылымын зерттеп, әр түрлі форматта мақала жазуды, ақпарат көздерін тауып, телевизиялық жаңалықтар сюжетін жасауды үйренеді.

Сонымен қатар жаңа медианың ерекшеліктерімен, мултиьмедиялық журналистиканың заманауи талаптарымен танысып, этикалық және заңдық нормаларды сақтай отырып, мақала жазудың қыр-сырын меңгереді. Дәрістер тренинг түрінде өтеді. Оларды тәжірибелі мамандар- журналистер, блогерлер, құқыққорғаушылар, инфографистер, заңгерлер өткізеді.

Журналистика Мектебіне қабылдау 2013 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады. Сабақ 2013 жылдың 16 сәуірінде басталады.

Оқу ақысы айына - 25000 теңге.

Курстың оқу мерзімі - 4 ай  (3-ай оқу,  1-ай тәжірибе). Дәріс сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері кешкі уақытта жүреді. Қосымша ақпаратты топ үйлестірушісінен ала аласыз: Рысгүл Рамазанова, +7 727 261 66 69, +7 778 907 16 08, rasti.comwashington@gmail.com