Орындалмаған арман!
жеке
блог

Орындалмаған арман!

Расыменде бұл арманым орындалмады. Қандай арман дейсіз ғой?! Көпшіліктен жасырып, мектептеде бұл арманым жайлы көпке сыр ашпаушы едім. Ал бүгін массагеттің оқырмандарымен жанашырларына сыр ашып өз өмірім жайлы аз-кем мұң шақпақпын. Бала күннен арманым Журналистика саласы болатын. Теледидардан телміріп "диктор" мырзалардың сөйлеген сөздерін қайталап менде өзімше соларға еліктеуші едім. Ауылымызда бар-жоғы үш-ақ арна болатын. (Әлі де солай.) Кешкісін жаңалық басталады-ау деген бойда бар шаруамды ысырып, теледидарға қарай тұра жүгіретін едім. Қазақстан Ұлттық Арнасынан болатын жаңалықтарды Нұрділдә Ораз, Нұриддин Бидосов жүргізетін көбіне. Бала күнімде осы "диктор" ағаларыма көп еліктедім. Кейінірек есейгенде танымал тележүргізушілер Айда Боранбай, Ильһам Ибрагимов, Бейсен Құранбек, Азамат Омаш, Дина Төлепбергенова, Қасым Аманжол сынды танымал тележүргізушілерді өзіме көп үлгі тұттым. Десекте арманым орындалмады. Мектеп бітіре сала әкем өз арманыма қарсы болып дәнекерлеуші мамандығын оқуымды қалады. 3 жыл оқып оқуды "жақсы" деген көрсеткішпен бітіріп шықтым. Десекте әлі күнге дейін Журналистикаға бет бұрғым келеді. Бас аман болса әліде өз арманыма жететініме бек сенімдімін. Тек бір Аллахтың өзі қолдаса болғаны.