Мен сүйген қыз... №1
жеке
блог

Мен сүйген қыз... №1

1991 жыл. 5 жастамын. Әке-шешеміз колхозда жұмыс істейтіндіктен, мені детсад-қа (балабақша демейтін ол кезде) берді. Сол детсадта жүріп, Қарлығаш деген қызға ғашық болдым. Шын айтамын, түстен кейін ұйқыға жатқызғанда көрші төсекке қоңсылай қонған сәби қызға өтірік көзімді жұмған болып телміре қарап жататынмын. Бірақ, бұл сезім ұзаққа бармады. Бір күні тәрбиешіміз сол Қарлығашқа балалардың тазалығын тексертті. Қарлығаш маған келген кезде тым қаталдық танытып, аяғымның саусағының арасындағы кірді шұқып көрсетіп, тырнағымның өскенін бетіме басып тұқыртып тастады. Содан бастап жек көріп кеттім, оны… Енді міне, осы оқиға 22 жыл өткеннен кейін есіме түсіп отыр…

Балаң сезімді бақытқа бөлеген, балаң сезімнің жалынына қанатымен су сепкен қайда екен сол бір, Қарлығашым?  

(Өмір деген қызық қой. Сол қыз ауылдан көшіп кетті ме, жоқ әлде әлі ауылда тұра ма, аты точно Қарлығаш па еді, сары қыз ба, қара қыз ба, есімде қалмапты. Есімде қалғаны мен ұнатқан қыздың “тұқыртқаны” ғана. Бұл оқиғаны еске түсірген мына бір бұзылған балабақша)