Сіз таңғы асыңызда қандай тағам ішесіз?

Құрметті массагеттік блогшылар мен оқырман көпшілік. Мен өзімнің таңғы ас туралы ойымды бөліскім келіп отыр. Суреттегі көріп отырғандарыңыз менің ақпан айында күнделікті қолданатын таңғы ас мәзірім. (бірақ, шоколад күніге емес.) Банкадағы ауылға барғанда анамның жөтелге қарсы ем болады деп қойдың тоң майына сарымсақты араластырып қуырған тоң майы, бір кесе какао, бір ас қасық әсел, бір ас қасық жер жаңғақ, бір ас қасық кептірілген мейіз және құмшекер. 

Тоң майды жаңа айтқанымдай аш қарынға бір ас қасығын жұтамын, артынан әселге жер жаңғақ пен мейізді араластырып тамақтанамын. Есесіне, жұмыс уақытында, түскі асқа дейін, ешбір қарын ашқан, немесе, тағы бірдеме жегің келіп тұратын, мешкейлік ойдан арылып, тоқ жүресің. Осының алдында ғана мен біраз уақытымды бөліп осы Массагет.кз сайтында отырып біршама қажетті денсаулық, психология, өнегелі өмір туралы мәліметтерді жинақтаған болатынмын. Бұл сайттың дәл қазіргі уақытта, бізге, әсіресе өзіміздің қаракөздеріміз бен қарадомалақтарымызға беретіні көп. Сондықтан да ой бөлісіп отыруға барша азаматтарды шақырар едім. 

Сіз таңғы асыңызда қандай тағам ішесіз?



Бөлісу: