Нәрестенің сөзімен......
жеке
блог

Нәрестенің сөзімен......

        Ана құрсағында пайда болғаныма да біраз болған сияқты. Аяқ қолдарым, дене бітімім де толық дамығанға ұқсайды. Жарық дүниеге де шығатын уақыттың таяп қалғанын сезем. Бірақ уақыт жақындаған сайын, анашымның жылауы көбейіп кеткен. Анашым әр жылаған сайын менің жан дүнием қатты қатты ауырады. Сорлы анашым қайтейін менің не кінам бар, мен үшінестімеген сөздерді естідің. кейде әкемнің анамды көрсе айтатын сөзі, - неге жылайсың? Сол баланы алдырып таста дегенде өзің емеспа қырсығып тұрып алған, не болсада енді өзің қиналасын, деген сөздері жаныма қатты тиеді. Сонда мен дүние есігін ашпай жатып, бақыт емес бақытсыздық сыйлап жатырмынба? Бұлайша дүниеге келмей-ақ қойғаным жақсы болар еді...........

          Бірде анашым киініп алып жолға шықты, бартын жеріне жаяулатып бара жатыр. Өзінің көңілі де онша болмай тұр. Жол бойы жылап та алды. Білмеймін неге жылайды? Ұзақ ойланады, бір шешімге келе алмай жүргенге ұқсайды. Ол сондай ауыр нәрсема, неге қинала береді. Әр қиындықтың бір шешеімі болады емеспе?

           Бар жеріне де жеткен екен. Бір үлкен үйге кірді. Іші ары бері жүрген адамдарға толы. Арасында ақ киінгендер де бар.  Кенет бір бөлмеге кірді, ішіндн үш кісі отыр, біріңғай ақ киінген, әлде бұлар періште ма? Мүмкін періштелерден көмек сұрап келген шығар. Дауыстары жарқын, ашық сөйлесе бастады. Соңғы сөздерінің бірі - алдыруға болмайды, олай болған жағдайдаөзіңізге қауіпті болады. Бұл баланы алдырып тастасаңыз екінші бала босану қабілетінен де айырлатынын ескертті. Мен енді түсіндім анашымның неге жылауының, қайғыруының, көп ойлануының шешімі мен екенмін.......... Анашым тағы да жылап жіберді, өксігін баса алмай жатыр. Оган ауыр тиіп жатқаны менің болмысымда кемшілік бар сияқты. Мен енді қорқа бастадым, бар кіна, бар ауыртпашылық мен болғанымба. Мен өзгелер сияқты күліп, әке-шешеме еркелеп те жүре алмаймын ба? Неге бұлай болды? Тағдырдың ісі осы шығар мүмкін, көнеміз де, барынша шыдап бағам, мүмкін шақсы болып кетермін.

            Міне, бүгін жарық дүниеге шығатын уақытым да жетті. Анам қатты қиналып жатыр, осынша ма қиын болады екен ау? Бұл сезімді аналардан басқа ешкім сезіне де алмас ау шамасы.

Мына жарық әлемді көрдім, айналам ары бері жүгірген адамдар. Бірі сүйінші сұрап жатыр, бірі бауы берік болсын деп тілек айтып жатыр, ал анашым қуана ма? жоқ жылап жатыр. Іші оттай күйіп жатқан болар, әлде өкініш өзегін өртеп жатырма? - қатты жылайды.........

Көп ұзамай мені алып кетуге дайындап жатыр. Алып кететін заттары да дайын, сыртынан қарағанда табытқа ұқсайды, бірақ іші мен сырты анық көрінеді, іші де жып-жылы екен. Мені салды да алып кетті. Анашым ең болмағанда құшағына баса да алмады. Қанша қиналғанда бір иіскеп қиыншылығын бір сәтке ұмытыра алмай қалды-ау?

           Осыдан кейін анашымды көпке дейін көре алмадым.Мені мұнда әкелгелі бері сәби екен деп аяп жатқан адамды байқамадым. Әр жерімнен инемен тескілеп жатыр. Кейде ауырғаны соншалық есімді білмей қалам. кейде ұзақ ұйқыға кетем. Анашымның ақ сүтінің дәмінде білмедім, ыстық құшағында сезбедім. Жатқан жерімнен бір тұрғызбайды, қимылдатпай танып тастаған. Жетім қалғандаймын, жетім қалсам анашым неге қайта қайта келеді? неге құшағына бермейді? Жата жата арқа жағым жансызданып бара жатыр, ойылып та кетті. Бұлай жата берсем мен көпке шыдай алмайтын шығармын.

Анашым жаным әр сағат сайын келеді, келген сайын көп жылайды, қолына ұстатпайды да. Отырып отырып кетеді. Менің қиналғанымды көріп ол одан сайын қиналады, өзін кіналі санап жүр. Кейде дауыстап дұға тілеп отырып, дұғасын аяқтауға шамасы келмей жылап қалады. Әттен сөйлей не жүре алмаймын да, орнымнан тұрып анашымды жұбатқым келеді. Бүгін күндегіден ерте келді, жылағаны да өзгеше көп күрсіне береді. Әрбір жылағаны иненің ауырлығынан да асып кетіп жатыр.Кенет мені басқа жаққа алып кетуге дайындалып жүр. анашымды да шығарып жіберді. Қимылдары да өзгеше, тез тез жүгіріп жүр.  Жағдайым күннен күнге ауырлағанына байланысты маған ота жасалмақшы екен.

Еһ Аллам бұл қиыншылыққа шыдай аламынба,

Әлде соңғы күнім осы уақытпа?

Анашымды көре алам ба?

Әлі көрмеген әкешімді де көре алмай кетемінбе?

Бұл дүниенің тынысымен енді тыныстай аламынба?

Жо, жоооқ мен шыдаймын! Анашымды, отбасымды бақытқа бөлетем!Көрде тұр бәрі де жақсы болады.

Мен осы бойы көз ашпасам өмір бойы анашыма қорған болып жүрем. Мен періште емеспінба? періштелер адамдарға жақсылық ойлаушылар емеспа? Менде солай боламын. Кенет денем суық бола бастады., расында мен періштеге айналатын болдым. Бір өкінішім өмірге келдім, кетіп барам.Анашымды иіскейде, ақ сүтінің дәмін де, құшағының ыстығын да сезіне алмағанымды қарашы.  Аз ғана уақыт ішінде бұл дүниенің аурлығын сезіндім. Қанша қысқа өмір сүрсем, отбасымызға жазылмастай жара салдым, әсіресе анашыма.

Қош анашым! қош бол!