Мұндағы алғашқы сөздерім

Мұндағы алғашқы сөздерім
жеке
блог

      Салем Массагаттіктер! Менің бұл сайтқа тіркеліп кіруім, мен үшін бір қыздың артынан жугіріп, өзіме қаратуым қандай қиын болса, дәл сондай ауырлықта болды десем өтірік емес шыгар. Өз атымнан қанша тіркеліп тастадым, біреуінен пайда болмаган соң өзгелердің емайлдарымен тіркелдім. Олардан да нәтиже шықпады. Ақыры кірдім ау, бірақ не жазарымды білмей қалады екенсің. Бұл сайтқа кіруіме көмек жасаған, апа, әжелердің айтуы бойынша жеңгетайлық жасаған Кәусар мұң. Ол менің сүйікті қарындасым, мұңдасым десем де болады. Оған алғысым шексіз!

Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Мен Сералиев Берік, 1991 жылы 5-сәуірде ОҚО Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дүние есігін аштым. Сол жарық дүниеге келе сала анама қарап қаншан тудыныз деген екем. (қалжың деп ойлап қалмаңыздар) Уақыт өте келе сол елді мекендегі Есіркеп батыр атындағы орта мектепте 9-сыныпқа дейін оқыдым. Мектепте жаман оқымадым ау деп ойлап қойам. Тоғызыншы сыныпты бітіре сала мед.колледжге оқуға түстім. Мамандығым фельдшер. Бірақ коледжде жақсы оқымадым, себебі ақылы оқитын болғандықтан өз ақшамды табу үшін жұмыс істеп кеттім. Қазір ол үшін өкінбеймін, Аллаға үшкір жұмысымда бар. Астана қаласындағы №1 Перенаталдық орталықта жұмыс істеймін. Әзірге отбасын құрған емеспін, ойымда бар, қазақтың бірақ деген сөзі бар емеспе, бірақ, бірақ деп әлі жүрмін.

 

Хоббиің не?

Өзімде білмеймін, қазір жұмыстан артық ешқайда барып жүргенім жоқ.

 Қай елге саяхат жасағың келеді?

Ол жайлы еш ойламаппын. Алланың қақпасы "Қағбаға" барып қайтсам жақсы болушы еді.

 

Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)? 

Мүмкін құс болуды таңдар едім. Себебі әлемді шарлап қайтатын қанатым болар еді.

 

Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

Құласаң нардан құла, Тәуекел түбі жел қайық - деген сөзді көп еске алам, сондықтан болар тәуекелшілмін.


Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

мммммммммммммм бұл сұраққа дәл қазір жауап таба алмайтын сияқтымын.

 


Сүйікті әншін, әртісін, саясаткерін (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Интернетте отсам көбіне Мейрамбек, Қайрат Нұртас, Кр.Раналдо және Мессиді көп қараймын.


Сүйікті спорт түрі? Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Спорттың кез келген түрін жақсы көрем, солардың ішіндегі ең қызығатыным фудбол, валейбол. Шыны керек көрген киномды ұмытып қалам киноға көп қызықпаймын.


Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Әрине еркек!

 

Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әйел деп ойлаймын.

Еркектен ақшаны қайдан таптың деп сұрама,

Әйелден қайда жараттың деп сұрама деген бар емеспа?