Жүрекке бір сыр

Жүрекке бір сыр
жеке
блог

Жүрегім не дейсің сен маған?
Махаббаттың кілтін бер маған.
Ұнатқан адамымның жүрегіне,
Жол тауып жетейін мен саған.

Жүрегім не дейсің жандырдың ғой,
Әрқашан көңіліме із қалдырдың ғой,
Ал айтқаныңды істейін мен сенің,
Бәрі бір менікі жөн болмады ғой.

Құтқар мені жүрегім, құтқар мені,
Махаббатсыз, сезімсізден құтқар мені.
Сүйгеніме жақын болып жүргенде,
Көп ойлаймын, сағынамын мен сені.

Ғашықпын мен оған, түсінші жүрегім,
Күнде оны күтуменен жүремін.
Бір қадам жақындасам мен оған,
Лүпілдеп қатты соқ енді жүрегім.

Менімен санас енді жүрегім,
Қасыңда әрдайым мен жүремін.
Сонда да болса менің керегім,
Батаңды бер маған енді жан жүрегім.

Қадірін түсінейік жүректің,
Махаббаттың отаны тіректің.
Сүйемін мен, сүйемін жүректің,
Жасы ақпай жылаған теректің.