Қимаймын сені
жеке
блог

Қимаймын сені

Қимаймын сені, қимаймын,
Сағынамын мен сені, көп ойлаймын.
Сүймеймін, сонда да мен қимаймын,
Анда – cанда бауыр бастым ба? -, деп ойлаймын.

Не болсада қоштастық, қимадық,
Сүйеміз деп өзімізді алдадық.
Махаббаттың қиындаған сынына,
Екі жүрек қосылып, қарсы тұра алмадық.

Не шара махаббатқа, ғашықтыққа,
Шын сүйіп жете алмай сағындық па?
Апардым ба мен сені алма баққа?
Сонда да бұның шығар жолы жоқ па?

Шыдамадық, төзе алмадық бұл сынға,
Ұқсамадық қанат жайып бұлбұлға.
Сонда да қия алмадым мен сені,
Бұрылмай жан жағыма, онға солға.

Кешір енді менде жігер болмады,
Жүрегімде қатты соғып қоймады.
Қайта келіп сәлем деп қосылуға ,
Бере алмадым сезімімді саған сыйға.

Көзіңнен оқыдым, көпті мен сенің,
Қимайтын адамымсың сен менің.
Қош бол,- деген сөзді айта алмадым,
Сондықтанда үндемей кете бардім.

Жүрегімнің түбінен орын алдың,
Әрдайым махаббатқа асық болдың.
Келбетің есімнен шығар емес,
Жылы-жылы, ыстық-ыстық махаббатың.
Сөзімді осыменен аяқтайын,
Қимастықтық айттым мен мән жайын,
Махаббаттың сынына қарсы тұра алмадым.
Шын сүймесе екі жүрек әрдайым.