Таныстырған сол – Алматы..

Таныстырған сол – Алматы..
Сол күнді еске алсам, көзіме жас толатындай. Ғажап күндер , сол кездер ай. Тіпті уақыт жылжығанын қалыппын ғой байқамай. Бәрі өтті кетті, тек артына кішкене көрінбестей із қалдырды. Не деген махаббат, не деген құштарлық. Бір бірімізге жете алмай асығып, бір бірімізді көптен күткендей күй кешіп , Алматының әсем бір күні екеуміз таныстық. Алматы – екеумізді таныстырды, табыстырды. Әлі есімде сол бір күндер.. Алматының көшесімен тұра жүгіріп, артыма қарамай , қыс аязына қарамай, жүгірдім. Құтты бір сенен айырылатындай күй кештім. Сол күні сен көшенің арғы жағында тұр едің ... Білесің бе, ең ғажабы мен сены танымайтын едым. Бірақ Алматы таныстырды. Қиялымдағы қызды, сені көрдім, күлімдеп тұрдың , Алматы менің күнім деп тұрдың. Тұла бойым тебіренді, қиялыма үңіле, қызыға қарадым. Жаным дейтін, күнім дейтін, жан табылды, жүрегіме сен деген қиялдағы қыз жазылды. Сол кезде сен қарамадың, менде үндемей қала бердім, өкінбедім, қиялдағы қыз сен деп жай ғана күлімдедім. Жеңіл ғана жүріспен, артыңнан жүре бердім, жүре бердім қиялыма жетем ау деп, сене бердім. Бір сәтке кідірсем, жүрегім сені іздеп адасар ма еді? Сол күні, сол күні қиял қызы артына қарайлады, жай ғана қарағаны, мен үшін болды ғой арай бағы. Жан тербеткен ақ жүзі, құралай қара көзі, қараған кезде ішімнен бір қуандым, сыртымнан қалып үнсіз , бір тұнамын. Қиялды іздеген мен жас жігіт, сені көріп таптым ба деп, аң таң қалдым, ақтыға кеп. Жүрегім лүпілдеп қояр емес, қиялдағы қыз, сен бір мен үшін үлкен белес. Қасыңа келіп күлімдей, жанымды жылытатын күнімдей, қарай бердің нұр көзіңмен тура маған, жоғалып кететін бір сезімдей. Сол күн . Алматының сол бір күні мен үшін болған еді махаббат нұры.



Бөлісу: