Есімде сол бір ONKZ!

Есімде сол бір ONKZ!
жеке
блог

Ботиктің бұл эстафетаны не мақсатпен ашқанын білмедім, астарында "Онкз-ті тірілту" операциясы жатыр ма деп қоям ) Бірақ, ""Жас өспей ме, жарлы байымай ма" дегендей, ол кездер оралмайды. Яки, онкз оралмайды. Оралса да, бұрынғыдай болмайды. Кешір, онкз-тім! Тек тәтті естеліктер ғана қалды... 

Туиттерде Жалғас Ертай қайта-қайта онкз сілтемелерін бере берген соң, "Бұл не қылған сайт?" деп ашып қалып, Ғалия Серікқызының жазбасына дөп түсіппін. Сүйсіне оқыдым. Сөйтіп, осыдан үш жыл бұрын тіркеліп алдым. 

Онкзттіктер. Солдан оңға қарай: Қуаныш, Ботик, Азиз, Айнара, Ерасыл, Алтын, Сәкен, Назерке

Содан кейін менің онкз-тегі өмірім басталды. АйнаТВ, СадкоФМ... Мафия... Рауан Сәбитұлы, Жарқын Алаш, Рауана Асхатқызы, Жағымпаз жігіт, Ержан Байтілес, Мейіржан (маскадағы), Азиз Жұмаділ, Наз қоңыр, Ади Гинеса, Нұрлан Досмағұлов, Алтайдың ар жағынан келген кемпір, Жанар Ахметова, Аида Есімбекова.. Сосын Шаттық Қали хехе ) Айтпақшы анда-санда жарқ ететін Сәкен Майғазиев пен Кәрім Мәсімов ше? ))) (Аттары аталмай қалғандар ренжімесін, массагетте бар болғандықтарың үшін таза онкз-тік емессіңдер, хыхыхы) Және... Шұбырған комменттер!!! Айтпақшы... Мафия ше, мафия?! 

Қуаныш қой :) 

АйнаТВ-ді тағатсыздана күтіп отыратынбыз. "АйнаТВ шықты!" деген қуанышты дауыс күйбең тірліктің бәрін бір сәт ұмыттырып, бәрімізді компьютерге телміртетін. Жанталаса оқисың. Оқисың да, рахаттанып тұрып, айғайға басып күлесің. АйнаТВ біздің сұп-сұр өміріміздің кішкене болса да сәулелендіретіндей еді. Кейін СадкоФМ жарқ етті. "Бұқақақа!" СадкоФМ әсерінен осылай күлсең де, айып емес :) 

Онкзттіктер осылай жиі-жиі бас құрап тұратын едік

Бірақ... Неге екенін, сол айналайын онкз тек бір шеңбердегі адамдарға ғана бұғатталып қалғандай болып көрінеді де тұрады. Сырттан келген бір адам болсын, ол жердің ортасына сіңісіп кете алмас еді... Сондықтан да, тәп-тәтті күйінде көкіректерге тәтті естеліктер қалдырып, жоқ болғаны дұрыс та шығар... 

Кезексөз таяқшасын Ғазиза Ұзаққа беремін.