Мезі қылған әңгімелер. Сайтқа байланысты сұрақтар
жеке
блог

Мезі қылған әңгімелер. Сайтқа байланысты сұрақтар

- кім болып жұмыс істейсің?

- Контент-менеджер

- Ол не жұмыс?

- Сайттарды толтырып, сайтты басқарып отырам

- сайт деген не?

- интернет...

- ммм, сол баяғы агент деш

- кешіріңіз, интернет тек агент емес қой

- ааа, бәрібір сол ғой

- .........

_________________________________________________________________________

- сайт жасатуға хост пен домен алу керек

- ол не пәле тағы?

- сайттың аты және ақпараттарыңыз сақталатын жер

- оны сендер істей ала салсаңдар болмай ма?

- әрине ала-аламыз, 25 000 тг тұрады, 20 000 - хост, 5 000- домен

- сендердікі тек ақша сындыру бізден...

- лібә.... (әрине іштей) 

__________________________________________________________________________

- неге менің сайтыма адам аз кіреді?

- сайтыңыз дұрыс толмаған, көбірек ақпарат жазу керек

- сен жаза салсаң болмай ма?

- кешіріңіз менде сіздей 60 компания бар және мен сіздің фирмаңыздың немен айналысып, нені сатып не істейтініңізді білмеймін ғой. Дұрысы, өздеріңіз немен айналысасыздар, бәрін толықтай өз сөздеріңізбен жазған дұрыс

- интернеттен тауып, саған сала салдым

- олай болмайды, себебі іздеу жүйелері оны басқадан ұрлағаныңызды біліп қояды

- енді неғыл дейсің, қайдан алам оны

- сол тексттің 30 пайызын өзгертсеңіз сіздікі боп шығады, кейбір нәрселерді өзгертіп жазуға тырысыңыз

- мә, еріге береді екенсіңдер менің басқа жұмысым жоқтай

- кешіріңіз, онда сайтыңызды гуглдың бірінші бетінен іздемей ақ қойыңыз уақытыңыз болмаса... 

__________________________________________________________________________

- Менің сайтым неге ана компанияныкындей күшті емес? 

- кешіріңіз несі күшті емес?

- ананыкыне кірсең керемет, бәрі яркий, суреттері күшті

- мысалы, ана сайт 

- ол басқа бағытта жұмыс жасайды, және оның дизайнында ерекшелік бар. 

- маған сондай дизайн керек, сен қоясаласың ба?

- сайт жасаған кезде бұл дизайнды сіз өзіңіз таңдадыңыз ғой, бұны өзгерту қосымша қаражат пен уақытты қажет етеді

- сендер-ақ ақша деп тұрады екенсіңдер, соны алып басқа сурет қоя салу қиын ба?

- ол жай сурет емес қой.......... 

__________________________________________________________________________

- мен сайтыма адамдар жинап, жарнама алып ақша тапқым келеді

- бірақ біздің сайт оған сай жасалмаған ғой

- ештеме білмейм, мен сені сол үшін алдым емес пе?

- менің міндетім басқа ғой

- ананы да қосып істей сал ...... 

- Лібә..................