Отырар өркениеті
жеке
блог

Отырар өркениеті

Отырар мен Отырар алқабының тарихи-мәдени маңызын келесі себептермен көрсетеді.

Біріншіден. Отырар алқабы мен жапсарлас аймақтар Қазақстанның ежелгі отырықшылықтың, суармалы егіншілік және қалалық өркениеттің орталығы болды. Бұл мәдениеттің бастауын іздеу, б.з.д. Бірінші мыңжылдықта өмір сүрген, Сырдария бойының кейінгі қола дәуірінің тайпалары мен отырықшы сақтарыдың ежелгі мәдениетіне әкелді. Сырдарияның төменгі ағысында, Жаңадария мен Іңкәрдария өзендерінің атырауларында сақтардың, б.з.д. 8-3 ғ.ғ. Жататын монументалды көпкамералы кесенелері табылып қазылды. Кесектен тұрғызылып, күмбезделген Түгіскен, Баланды – 2, Шірік-Рабат, Бәбіш-молда-2 сияқты ежелгі мавзолейлер Оңтүстік Қазақстанның көне тұрғындары кесек жасау техникасын біліп қана қойма, одан да күрделі шешімді құрлыстар салуға мүмкіндік беретін техникалық тәжирбесі болғанының куәсі бола алды. Бұл тәжірбие тұрғын және шаруашылық жайларды тұрғызу, мекендер мен қалаларды архитектуралық көркемеу нәтижесінде жинақталғаны даусыз. Б.з.д. 1 мыңжылыдықтың бірінші жартысында ерте замандағы бекіністің мекендері Оңтүстік Қазақстанныың территориясында тұтастай тарай бастаған археологиялық мәліметтер көрсетті. Арыс өзенінің төменгі және Сырдарияның орта ағысында Отырар алқабында 130 қалажұрт тіркеліп, зерттелді. Қостөбе(оңтүстік), Төрткүлтөбе, Қарауылтөбе және Көк-Мардандағы қазбалар мекендердің топографиясы, ол құрлымын, шаруашылық және мәдени дамуының деңгейін анықтап берді. Ортағасырлар кезінде Оңтүстік Қазақстан Отырар алқабымен бірге, Қазақстан мен тұтас Орта Азияның қала өркениетінің ірі орталықтарына айналды. Алқабтың экономикалық және мәдени дамуының масшабтары туралы 250 мекен және қалажұрттардың қирандылары, тармақталған суландыру жүйесінің іздері баяндап тұр.Археологиялық деректер бойынша алқаб хронологиялық шегі б.з.д. І ғасырдан – ХҮІІІ ғасырға дейнгі кезеңдерді қамтиды. Отырар қаласының жұрты жазба деректерден белгілі, оқиғалар бай, екімыңжылдық тарихын ішіне бүгіп жатыр.

Екіншіден. Отырар Ұлы Жібек жолындағы, қытай, еуропалық, шығыс мәдениеттері мен өркениеттері; христиан, мұсылман, зароастризм діндері тоғысқан ірі орталық. Фараб аймағы адамзатқа әл-Фарабиды берді. Кей деректерде кітап қоймасы болған деп болжауға мүмкіндік берді. Отырар отарғасырлық Қазақстанның тек экономикалық және мәдени өмірінің орталығы ғана емес, ғылыми ойынның орталығы болды. Отырар мен Отырар алқабының мәдениеті Сырдария бойындағы аймақ өміріне әсерін тигізіп тұрды.

Отырарда ісмерлердің көркемөнер өнімдері Қартатаудың солтүстік және оңтүстік бауырайындағы -Созақ, Құмкент, Сүткент және Иқан; Сырдың орта ағысындағы – Иассы, Сауран, Сығанақ, Құджан, Аққорған Өзгент; Арыс алқабындағы Қарааспан, Жуантөбе, Шортөбе деген атпен білгілі қалажұрттардағы қалалар базарына түсіп отырған.

Үшінші себеп. Отырардың Орта Азияның жер өңдеуші алқабтары мен көшпелі мал шаруашылығындағы Дешті Қыпшақ арасында орналасқан географияллық жағдайында. Тайпалардың инфильтрациясы, араласуы және мәдениеттердің бір-біріне әсер етуі ежелгі дәуірлерден бастап, осы аймақта басқа жерлердегіден артықырақ жүрді. Отырықшы тұрмыс пен жер өңдеушілік мәдениет, бекіністі мекендердің пайда болуы б.з.д. 1 ғасырларда жүрсе, оның дамуы әсіресе 6-7 ғ.ғ. Истемин қағанның Соғдиананы және Або-Бұхараны алғаннан кейін мұнда соғдылар көшіп келе бастағанынан жүрді. Соғдылардың жер өндеушіліктің бай тәжірбиесі мен қала салудың көне дәстүрлері болды. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанда өзіндік және келімсектік мәдениеттер қабаты анық байқалатын қала өркениеті пайда болды.

Төртіншіден. Отырардың маңыздылығы, Дешті Қыпшақтың кең даласында негізгі тұрғындары – қыпшақ тайпаларының мәдениетін тануда ерекшеленді. Қазақ халқының, оның материалдық мәдениетінің, тілінің және мемлекеттілігі – Қазақ хандығынның қалыптасуына ежелгі қыпшақтардың қосқан үлесі мол. Қыпшақтардың қоныстануы, олардың мәдениетінің таралуы Отырар мен Сырдарияның бойындағы қалаларды зерттеумен айқындалады. Қазақстанның оңтүстігі, Сырдарияның төменгі және орта ағысы, Отырар алқабы және Жетісудың солтүстік -батысы көне замандардан бастап көптеген мал шаруашылығындағы тайпалардың тұтас ұлтқа бірігу процесі басталып, аяқталды.

Бесіншіден. Отырар – ежелгі түрік мемлекеттерінің орталығы. Ортағасырлық археология деген түсінік ҮІ- ҮІІІ ғ.ғ. Ерте орта ғасыр уақыты деп аталатын, ежелгі түрік заманынан басталады. Шығыстың ежелгі түркі тектес тайпалар мәдениетінің дамуының ең жоғарғы кезеңі Қарахандар мемлекеті болды. Ертеде оның даму процесін «Отырар ойраны» бөлмегенде Қарахан мемлкетінің қоғамдық дамуда қандай сатыға көтерілетінін қазір тек қан болжауға ғана болады. Моңғолдардың шапқыншылығы мемлкеттің дамуын тежеп қана қойған жоқ, сонымен бірге түрік тілдес тайпалардың тұтас халық болып бірігуін де тежеді.

Алтыншыдан. Отырар мен Отырр алқабының маңыздылығы мынада: мұнда палеоэкономика, агромәдениеттің бірегей мұрасы ретінде - каналдар, таратушы арықтар, тоғандар, алқабтар, бақшалар сияқты ежелгі ирригация қалдықтары сақталып, қазіргі уақытта зерттелмеген. Оларды зерттеу ежелгі замандардан кейінгі орта ғасырларға дейінгі алқаб ирригациясын даму динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Суландыру құрлыстарының қалдықтарын ғарыштық және аэрофото материалдарын қолдану арқылы археологиялық-топографиялық зерттеу, Оңтүстік Қазақстандағы суландырудың кең түрде тарағандығын анықтады. Отырар алқабын зерттеу біздің дәуіріміздің шегінен бастап – он сегізінші ғасырларға дейін аралықта, бұл аймақта суландырудың бірнеше кезеңі болғанын ажыратуға мүмкіндік береді. Бірінші кезең І- ІҮ ғ.ғ. жатады. Бұл кезеңде лимандық суландырудың қарапайым формалары пайда болған. Суландыру жерлері Сырдарияның ескі арналарында және Арыстың дельталық тармақтарында орналасқан. Екінші кезең - лимандық суланырудың өз ағысымен суаруға өту кезеңі ҮІІ – ІХ ғ.ғ. аралығын қамтиды. Тасыған суды реттеудің қарапайы тәсілдері дами түседі. Арыстың атыраулық тармақтары негізінде магистралды каналдар тартылады. Осы кезеңде бастау құрлыстары пайда бола бастайды. Алқаб ирригациясының үшінші кезеңі Х- ХІ ғ.ғ. Оның гулдену кезеңі деуге болады. Отырар алқабында жекелеген су жүйелерінің бір суландыру жүйесіне біріктіру іске асады. Тоған Арыстың негізгі арнасына көшіріліп, бастау құрлыстарының жүйесі салынды. Суару жүйесі таратушы және суару арықтарымен тармақтала түседі. Ирригациялық техникалық гүлденудің суармалы аумақтың тез ұлғайуына септігін тигізеді. Моңғолдардың шапқышылығы суармалы егіншіліктің дамуын тежейді. ХІІІ – ХҮ ғ.ғ. дейін Отырар алқабындағы ирригациялық шаралар моңғолдарға дейінгі көлемдегі суару жүйесін қалыпқа келтіруге бағытталады. Алқабтағы ирригацияның жаңа серіпіні ХҮІ ғ. - ХҮІІғ. Бірінші жартысына дейін жүрді.

Жоғарыда аталған себептердің бәрі Отырар алқабы ескерткіштерін әлемдік мәдени мұра қатарындағы маңызды археология, тарих, архитектуара, палеоэкономика ескерткіштері бола алады» - деп көрсетеді. [5]