Шашыңызға қандай тарақ қолданасыз?

Шашыңызға қандай тарақ қолданасыз?
жеке
блог

 Күн сәл жылына бере, бас киімсіз жүргенді бәріміз жақсы көреміз. Ал шашқа қандай тарақ қолданған дұрыс? Мамандар кеңесіне зер салайық:

Классикалық тегіс (жалпақ) тарақ

Ағаштан, металдан, сүйектен, пластикадан жасалынады. Ұстайтын сабы бар, тістері тегіс, дөңгеленген. Жұмсақ, түзу және қысқа шаштарға тістері жиі орналасқан түрін таңдаған жөн. Құрғақ, селдір, бұйра (сонымен қатар,қатар химиялық бұйрадан  кейінгі) шаштарға сирек тісті тарақтар пайдалаған дұрыс.

1) Металл, сырланған немесе боялған ағаштан жасалған тарақтарды мүмкіндігінше пайдаланбау керек. Шаш бояуы,стайлинг құралдарымен химиялық реакция туындауы мүмкін.Сонымен қатар, металл бас терісін зақымдайды. 2) Пластмасса мен ағаш тарақтарды жиі ауыстырып отыру қажет, аталмыш материалда пайда болған кертіктер де шашыңызға зиянын тигізеді.

Күні бойы түйіліп жүрген, өрілген, не ұйысып қалған шашыңызды табиғи (сүйек, ағаш) немесе жасанды материалдан (карбон,силикон) жасалған тарақпен тараған дұрыс. Өйткені, бұл материалдарда шағын жарықшақтар (микротрещина) болмайды,сондықтан шаш кедергісіз, зақымдалмай жеңіл таралады.

Классикалық щетка

Ағаш, сүйек, пластика,карбоннан жасалады, резина жастығы, металл тістері (ағаш та болуы мүмкін) немесе қыл иірімдері бар. Қылдары табиғи,жасанды (нейлоннан) немесе аралас құрамды келеді. 

Қылдары жасанды келген щетканың сауықтыру әсері болмайтындықтан, шашты электрлендіреді. Ал металл тістері бар түрі бұйра шаштарға қауіпті.

Щеткамен шаш тарағанда, массаж әсерін береді. Алайда, ол нағыз процедураны алмастырмайды. Сондықтан, тарақтың көмегімен массаж жасауға әуестенбеген жөн, өйткені, шаш безі өршіп, майлана бастайды,сонымен қатар, терісі де зақымдалады. Басыңызға массажды тек қолмен жасаған абзал.

Брашинг

Домалақ немесе жартылай домалақ пішінді келеді. Басқасы классикалық щеткамен ұқсас. Металл, күйіктастан (керамика) жасалған брашингті әртүрлі сәнді шаш қою үлгілеріне пайдаланады (термоукладка).

Термоқұралдармен бірге пайдаланғанда: фен, үтік т.б. сыртқы қабатында желдеткіш тесіктері бар брашинг пайдаланған дұрыс. Қылының иірімдері неғұрлым жақын орналасса, көлемді шаш үлгісін жасай оңайға түседі. Қысқа немесе орташа ұзындықтағы шаштарға диаметрі кіші брашинг қолданған жақсы.

Тістері сирек орналасқан,  ұзын  жұқа сапты тарақ

Пластмасса, силикон, карбон,металл материалдарынан жасалады. Тістері шанышқы тәрізді келеді. Ұзын жұқа сабы шаш үлгісін жасаған кезде иірімдерін бөлгенге қолайлы.

Бұл тарақ түрін шашты  тегістеп тарау кезінде қолданғанға ыңғайлы және  шаш кез келген пішінге оңай келтіріледі,сонымен қатар, шашқа хош иісті май т.б. құралдардың біркелкі жағылуына септігін тигізеді.

http://www.wmj.ru-дан аударылды.