Алдандым, алдадың, алдадым
жеке
блог

Алдандым, алдадың, алдадым

Сания сияқты мені де алдау өте оңай. Көп алданып қалатыныма кейде жыным келеді :). Қанша тырыссам да солай боп қалады :). 

Есімде қалғаны үш алдау екен: Біріншісі, осы жердегі Мика былтыр алдаған мені. Оны мына жерден көріңіздер.  Сол кезде кәдімгідей сеніп қалғам, артынан сілтеме берген де әбден күліп алған ем :). Мика, өшім бар сенде :))). 

Екіншісі, ағам мені алдаған. Ауылда оқитын кезім, папалар қалаға кеткен. Ойынның түбін тесіп жүргем, ағам келді да: "папалар келе жатыр, шәй дайындай берсін" деді. Ах бәлем, біраз жұмыс бар бітпеген, ойын деп бәрін ұмытқан ем ғо. Жүгірдім үйге, келе сап жан таласып жатырмын. Шәй қойып, дайындап болсам ағам келіп отыр: "қарным ашып кетіп еді" дейд. Отыра ғап жыладым, ойынның қызық жері қалып қойды ғой енді...

Үшіншісі, тағы ағам ғой. Негізі, ағам көп алдайды. Бұл енді 1- сәуірге қатысты емес. Мамалар қонаққа кеткенде, үйде екеуміз қаламыз. Ол маған әне жер тықылдап жатыр, қарашы, тыңдашы дейді. Мен тыңдаған да солай сияқты боп тұратын. Одан соң үйдің есіктерінің бәрі әйнек еді ғой, "ана қыз неғып қарап тұр ей" деп түпкі үйдің есігін меңзейтін. Қатты қорқатынмын. Содан әлі осындай елестерден қорқамын :). Ауылдағы үйде жалғыз қалуға әлі қорқамын. 

Эстафета жалғасын алдамшы Микаға бергім келеді :).