күлкі күні
жеке
блог

күлкі күні

мен бүгін алдандым. Дұрысы мені бір қыз алдады. Ал, мен неге екені белгісіз, бүгін күлкі күні болса да көңілсіз отырмын, көңілім алаңдаулы, жалған күлкіге жар бермей отыр. Бірақ, мен сияқты болмаңыздар. Күлкі күні ма күліңіздер. Алдау күні ма, алдаңыздар. мені алдаған қыз Ұлдана. Қалай дейсіздер. Түскі ас уақытында достарыммен бірге Шымкенттегі танымал кафелердің бірі "Ай" кафесінде түстеніп отырғанбыз. Көптен бері хабарласапаған жақын досым қоңырау шалды. Қал-ахуалдан соң, қайдасың деп сұрады. Осында деп мекенжайды айтып едім, мен сол кафенің алдында тұрмын деді. Содан, ішіп отырған асымды тастай салып шықсам жан адам жоқ. Қайдасың деп өзім қайта қоңырау шалдым. Сөйтсем оң жағыңа қара деді, қарадым, жоқ, қайта сұрасам, бүгін 1-сәуір ғой деп тұр. Сонда барып білдім. "мәссаған мен алдандым" деп мойындадым)))))))