Сайқымазақтар емес сендерге

Сайқымазақтар емес сендерге
жеке
блог

  Қай жерге барсаң да, қай газетті ашсаңда қазақтың футболдан ұлттық құрамасын жамандаудан алдына жан салмайды. Қаны қазақ қандастарымыздың қарсыластарынан жеңілуін әдейі жасаған қимыл көре ме, әлде әлі жетіп әлемді мойындатқанын біледі ме, әйтеуір жерден алып жерге салып жатады. Жамбастап жатып жамандаудан алдына жан салмайтын жанкүйерлер де, жыл өткен сайын көптеп келе бастамаса, азайған жоқ. Ойыншылардың әлемдік ойындарға дайын емес екендігі дәлелденген де болатын. Бірақ сылбырт басса да зымырата тебетін әлемнің алпауыт командаларымен қарсылас та, атанып жүр. Футболшыларымыз жеңіліп бір соққы алса, жамандаған жанкүйерлерден тағы да бір соққы алады. "Соққыға соқтыға берген баланың беті ашылады" демекші футболшыларды жамандап үяттан да жұрдай қыла бастадық.  Қаны бір қазақтарды қаралағанша, қолдау көрсетіп, қолтығынан демегенге не жетсін. Қоғамның құраманы қуантқаны, қуаттанған команда шығаратынына сенімім мол. "Тамшы да тама-тама тас жарады" Отаны қазақ бауырлар отандық футболға жанашырлықпен қарайық. Қарағаға қарап, қыранды елестетпейік. Бір күні жеңістің жалауын желбіретіп тұрған қазақтың футболшыларын біз көмесек те ұрпақ көргенін қалайық. «Баласы бәйге шапса акесі тақымын қысар», дей келе Бәйгеге қосқан құраманы құрметтеуден танбайқ ағайын. Сондықтан бәрімізде Ұлттық Құраманың он екінші ойыншысымыз.