Мен қайдан келдім

Мен қайдан келдім
жеке
блог

Мен қайдан келдім

Ұлып- ұлып Алтайдың атырабынан.

Тоныкөк жортқан Тұранның топырағынан.

Шыңырауда өскен шынардың үзіліп түскем,

Таңғы шық болып жапырағынан.

 

 Мен қайдан келдім

Оянып ерте бөрінің күшік үнінен.

Кісінеп келдім жерініп кісілігімнен.

Атам мүжіген жіліктің асығын атып,

Албырап келдім балалық түсінігіммен.

 

Мен қайдан келдім

Алтайда қалған бабалар адырнасымын.

Орхоннон келдім тағдырласым мұң.

Аңшы ғұмырым қапыға қақпанын құрған,

 Мысық мінезді тағдырға сынмын.

 

Мен қайдан келдім

Туырлықты үйде түлеген тұлымды ұлыңмын.

Күлдір –күлдір кісінеп құлын ғұмырым.

Адыр-адыр таулардың төсін емгенмін,

Бұлағын ұрттап бұрымды қырдың.

 

Мен қайдан келдім

Шыңында Алтай шерлі мұң із қап.

Теріскейімнен терлігім мұздап.

Мен келдім бірақ Өлгейде қалды.

Бабаларымның өрлігі мызғап