Өкінбе

Өкінбе
жеке
блог

Адастықпа ақырғы рет тілдестік.

Қызғаныштың қызыл оты білмес түк.

Өрт сезімдер отқа оранды өртенді.

Білесің бе бұл махаббат ерте өлді.

Себебі бір күндестік!!!

 

Шешімімді жазуындай тағдырдың.

Есіміңді қар бетіне қалдырдым.

Кеңістікке мұңым шағып алып кең.

Жылп жылап жылап жылап алып мен.

Ой әлемге қаңғырдым!!!

 

Көптен бергі үкім етіп шешімін.

Көктем келді көктен тілеп кешірім.

Еріп кетті қарға жазған хаттарым.

Бірақ әттең қалып қойды аппағым.

Жүрегімде есімің!!!

 

Пенделікпен кебінделіп тірлігім.

Қорған етіп көңілімнің кірбіңін.

Өз шешімін өзі ғана мақұлдап.

Өксігімді өкінішім ақымдап.

Жерлегелі тұр бүгін!!!