Жылап тұр дала...

Жылап тұр дала...
жеке
блог

Жылап тұр бүгін, шынымен дала жылап тұр,
Көкейді тесіп неліктен деген сұрақ тұр.
Жауабын таппай, сан-саққа санаң жүгірсе,
Арудың зарлы мұңына, достым, құлақ түр.
Қыз болып келген
Қыр-сыры бітпес жалғанға,
Анасы айтушы ед,
Арсыздарға алданба!
Бір ақын жырлап жазған кітапты оқып ем,
Дауа бар ма деп, дауа бар ма деп талғамға.
Сол күні жаңбыр құйды да тұрды себелеп,
Кінәлы жанды көрсетіп жатты шегелеп.
Жылады жүрек, тағдырдың зәрлі қаһары,
Қазақтың қаракөзіне тиген неге деп.
Үңіліп қара астарына осы сұрақтың,
Алыстап кетпе шекарасынан бірақ тым.
Буырқанды көңіл, жол іздеп шығар 
шырмаудан,
Ал, дала бүгін аруды жоқтап жылап тұр.