Оқылмай қалған хат

                                                     Оқылмай қалған хат.....

        Жаным... Сені осылай деп атауға хақым бар ма тіпті де білмеймін. Мүмкін жоқ шығар. Бірақ бүгін алғашқы және соңғы рет осы сөзді саған жазғым келді.Томаға тұйық болған соң ба, кеудемді ауру дендеп алған соң ба білмеймін, кетсем де осы бір сөзді сен менен естісең дедім. Мені кешірші....

         Сен менің жүрегіме алғаш рет күздің жапырақтыры сарғып түсіп жатқанда қонған ең. Сонда өзіме «барлық құстар қайтқанда, мына бақ құсы неге қайтпаған» деген едім. Мен үшін қыстап қалыпсың ғой. Мен үшін қалмас бұрын «қыста тоғып қалам»- демедің бе?!

         Бұл қыркүйектің алғашқы күндері еді. Әдетімше жалғыз өзім ой үстінде келе жатқам. Сенің менімен қатар келе жатқаныңды байқамаптым да. Бір уақытта көлік қасымыздан қатты жүріп жаңбырдан қалған шалшықты үстімізге шашыратты да кетті. Екеуміз бірден «көзіне қарамай ма?»деп айқай салдық. Содан соң бір бірімізге қарап күліп жібердік. Таныстығымыз міне осылай басталды .

        Біраз уақыт осылай сөйлесіп жүрдік. Кешкі уақытта сенімен кездесуге асыққан ем жолда жүрегім қатты ауырып кетті. Не істерімді білмедім, шықпағаным сені сыйламағандығым деп ойладым. Табалдырықты аттай бергенім сол еді, аяғым тайып құлап түстім. Сол бойы екі сағаттай мені ешкім көрмеген екен. Көшеден өтіп бара жатқан қарт кісі абайсызда көріп қалып «Жедел жәрдем»шақыртып, ауруханаға әкетті. Есімді келер күні саған 3тер шамасында жидым. Қасымда отырған ағамның дәрігермен сөзін естігенде жүрегіме қанжар тыққандай әсер алдым.  Дәрігер: қарындасыңыздың жүрегінде рак бар. Әрі өте асқанған. Ота жасағанның өзінде тірі қалу мүмкіндігі 100%ден 01%ғана.

Міне осы сөздер түсім болса деп тіледім.  Өкінішке орай өңім екен. Баяғыдан жүрегім неге ауырад деп ойлаушы ем. Неге алдын алмадым екен. Осы сәтте өмірдің, сенің қаншалықты қымбат екеніңді түсіндім. Амал нешік.

       Ағам қасыма келіп, дәрігер қан қысымы қатты төмендеп кеткен біраз уақыт ауруханада жатсын деді деген кезде еріксіз көздерімнен жас шықты. Мұның бәрін саған айта алмадым. Пропущенный звоноктарда қаншама қоңыраулар тіркелгенін көргенде қатты таң қалдым. Мені қатты іздегеніңді көрдім. Бірақ,қыстап қалған бақ құсым мені кешірші. Осыдан соң мені о дүниеген жіберіп артымда бақытсыз боп қалғаныңды қаламады. Мен өзге жанды сүйем деп өтірік айттым. Сені де өзімді де алдадым. Бірақ, осы өтірік сенің өміріңді сақтап қалса болғаны әйтеуір. Міне сенен келген хабарламаны оқып отырмын. «Неге? Неге «жаным» деген жалғыз сөзіңді қимады десем, өзгені сүйеді екенсің ғой. ((((Бақытты бол сол басқаңмен ». Ауру жүрегім одан сайын ауырды. Сені соңғы рет көргім келді.  Бірақ....Осылайша уақыт өте берді.  Соңғы күндерім аурухана терезелерін сығалаумен өтіп барад. Ағамды шақырып жазған хатымды ұстаттым. Мен кеткен соң  берерсің дедім.

       Осылайша соңғы демін алып о дүниеге жүріп кетті. Ағасы қарынасының аманатын  алып жігіт үйіне келген еді. Бірақ кешігіпті. Жігіттің асылап тұрған денесінің үстінен түсті....



Бөлісу: