Қыз бала қанша жасында тұрмыс құрғаны жөн?!
жеке
блог

Қыз бала қанша жасында тұрмыс құрғаны жөн?!

                                    Қыз бала қанша жасында тұрмыс құрғаны жөн?

                            Қыз.... Қыз баланың қанша жасында тұрмыс құрғаны жөн?

          Әрине бұйыртқан күні деп жауап қайтарамыз.  Он үште отау иесі деген сөз бар. Он үш жас өткен ғасыр еншісінде қалсын. Қазір он үш жас он сегіз жаспен алмастырылған. Себебі он сегіз жас кәмілеттік жас әрі неке жасы. Ал осы он сегіз жас тұрмыс құруға тураланған жас па? 

          Қыз бала мектепті  17 жасында бітіріп белгілі бір мамандық алуы керек. Оны төрт жыл оқиды. Ал он сегіз жасында бірінші курс оқып жүрген қыз тұрмысқа шықты делік. Ол қыздың сабақ оқуы керек емес пе?  Күйеуін жұмыстан күтіп үй шаруасымен айналысуы керек емес пе? Ата ене алдындағы келіндік міндеттерін қайда қоямыз? Ал бір жыл ішінде бала тууы керек.Ал бала туғанға көптеген қыз балалардың ағзасы жетілмеген болып жатады.  Бала тумаса айналасындағылар бедеу деп айыптайтыны тағы бар. Ал бала туса тіпті..... Барлығын алып жүру ата анасының аялы алақанынан шығып, енді ғана бой жеткен қыз балаға ауыр тимейді ме?  Бәрінен бұрын баласын шырылдатып сабақта жүру ең ауыры...    Не балаңа, не күйеуіңе, не сабағыңа үлгереріңді білмейсің.....  

        Оқуын бітіріп 21-22  жасында үйленуі керек дегеннің өзінде қазіргі нарық заманында төсек орын жасау үшін қанша қаржы керек екенін өзіңіз бе білесіз? Ал ұзату тойын жасау тіпті үлкен қаражатты қажет етеді. Ата ананың онсыз да басқа балаларына жеткізуі керек қаражатты аузынан жырып ала да алмайсың. Міне бұрынғылар үйлену оңай, үй болу қиын десе. Қазір үйленудің өзі де оңай емес. .....

       Сол үшін аздап қаржы жинайын деп  2-3 жыл жұмыс жасадың делік.... Соның өзінде 25-26 жасқа қалай келіп қойғаныңды тіпті білмей де қаласың. ...Бұл уақытта ала қояр жігітің болса жақсы,болмаса осы қалпыңда қалғаның қалған. Статистикаға сүйенсек жігіттердің басым бөлігі 19-22жастағы бойжеткендерді қолына қондырады екен. Ал  25-26 қыздардың басым көпшілігі осы өмірін ары қарай жалғастырып жалғыз қала береді. Сонда айтыңыздаршы қыз бала қанша жаста тұрмысқа шығуы керек?!