Масқара-ай...

Масқара-ай...
жеке
блог

Сәлем бәріңе.

Біразың білесіңдер, мен футбол десе ішкен асын жерге қоятын қазақтың бірімін. Бірақ қазіргі жазабағымның футболға қатысы болса да, шамалы ғана. Жазуға құлқым да жоқ еді, бірақ жазбасам ішіме сияр емес. Осында, коммент ретінде де, форумда да жаздым, қазақ футболының "масқарасы" жайлы. Егер сол комментті көрмесеңіздер, оқымасаңыздар, ол масқара Қазақстан құрамасының ұтылғаны немесе дұрыс ойын көрсете алмағанында емес. Өзіміздің ұлттық құраманың ойыншысы, Шмидтгальдің фамилиясы өз футболкасына қате жазылыпты. Бұл дегенің масқара ғой! Лондондағы масқарамыз аздай, енді футболдада масқарамыз шықты. МАСҚАРА!!! Әуесқой клуб емес, тіпті ішкі біріншілікте емес, әлем көз тіккен дүние жүзілік доп додасы. Мүмкін Қазақстан құрамасын жатқа білмейтіндер байқамас та, бірақ біздің қарсыласымыз немістер, ал немістер біледі Шмидтгальдің фамилиясы немісше қалай жазылатынын. Тем более бір чемпионатта ойнайды, Өз клубтарына ойнап жүріп алаңда сан мәрте кездескен. Бұл бір.

Екінші масқара, көпшілік көзден тыс қалған, біздің "жанкүйерлердің" қылығы. Ойын үшін сонау Астанаға барып келген танысымнан естідім, видеоларын көрдім бундестим ойыншыларын аэропорттан қалай күтіп алғандарын. Адекват фанаттар плакаттарын, баннерларын ұстап, қолтаңба ғана сұрап тұрғанда, кейбір жанкүйерсымақтар ойыншылар арасына қоян-қолтық кіріп алып, тіпті есіктің көзіне тұрып алып ойыншыларды жібермейді. Ең болмаса есімдерін дұрыс атамайды ғой! Түсінем, бәрінің суретке түскісі келеді, қолтаңба алғысы келеді, бірақ бұл "жабайылық"! Вокзалдағы таксистер сияқты жібермейді ойыншыларды. Тура есіктің көзінен күтіп алып, құшақтасып суретке түседі. Ақшасына келіспеген таксист сияқты, ол ойыншыны жібереді де басқасына жармасады. Бұл фанаттар емес... айтуға әдепті сөз таппай отырмын... "понтовый" қазақтар. Ал егер сол адамдардың бірі есінің ауытқуы бар бір жарымес болып, футболшылардың біріне зиян келтірсе не болады?! Күзетшілер атымен жоқ, тіпті аэропорт персоналдары да афтограф сұрап жүр дейді. Ал мал құсаған фанатсымақтарды DFB-ң (Deutschland Fussball Bund) қызметкерлері мен БАҚ өкілдері ғана ажыратыпты. Тіпті қонақүйде де тыным бермеген көрінеді футболшыларға. Ал ойын біткен соң, неміс құрамасының формасына киінген бір қазақ, фанаттарына алғыс айтуға трибунаға беттеген неміс футболшыларының арасына кіріп алып, солармен бірге алаңда жүріпті біраз. Сәлден соң жаңағы батырымыз телефонын алып біреуге қоңырау шала бастапты. Достарына немесе қызына  мақтанғысы келген болу керек. Тек сол кезде ғана байқап, басқа емес оператор!! батырымызды алаңнан шығарып жіберіпті. Стюардтар, стадион қызметкерлері, күзетшілер қайда қарап жүр??? Осындай масқаралықтарды өз көздерімен көрген неміс футболшылары Қазақ халқы туралы не ойлады екен? Егер борат фильмін көргендері болса, Қазақстан туралы қандай ойда болғандары айтпаса да түсінікті шығар!