Өлең

Іздеймін

 

Сені іздеймін таңдардан,

Жанарлардан, жандардан.

Түнгі аспанда күмістей,

Жарқыраған шамдардан.

 

Сені іздеймін, таппаймын,

Теңіздей мұң, саф қайғым.

Жан адамнан жасырып,

Сырқатымды сақтаймын.

 

Сені іздеймін жан арман,

Көз ұшында ағарған.

Аққу көріп, тамсандым,

Сен шығар деп оралған.

 

Күйіп-жанып күн кешем,

Сенсіз өмір сүрмес ем.

Тереңдегі сырымды,

Сен білсең ғой, сен білсең...

 

Munaidar Balmolda



Бөлісу: