Ғажайып БАРСЕЛОНА!!!

Ғажайып БАРСЕЛОНА!!!
жеке
блог

Достарым!

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Барлықтарыңызға жаңа жетістіктер, отбасыларыңызға бақыт пен береке, шат көңіл мен көп табыстар тілеймін!

Бүгін Сіздермен Барселона қаласынан алған әсерлеріммен бөліскелі отырмын! Ендеше, бастайық...

Барселона қаласы Испанияның ғажап қалаларының бірі. Бұл қаланы алғаш көрген кезде ойыңа еріксіз Льюис Кэроллдың "Алиса ғажайыптар әлемінде" ертегісі түседі. Оны келесі суреттерден байқай аласыздар.

Батло үйі


 

"Sagrada Familia" ғибадатханасы


 

Пере Мила үйі

 

Бұл ғимараттар атақты сәулетші Антонио Гаудидің еңбектері. Бұл кісіні Барселонада өте қатты құрметтейді екен. Тіптен сол кісіге арналған мұражай да бар. Мұражай әдемілігімен көздің жауын алатын Гуэль саябағының ішінде орналасқан.

 

 

Қазақта "Сұмырай келсе, су құриды" деген сөз бар еді ғой, сол маған қатысты айтылған секілді))))) Себебі, соншама гектарға созылған саябақты айналып, мұражайға жеткенім сол еді, жөндеу жұмыстарына жабылып қалыпты. Тек сыртынан ғана тамашалап, суретке түсіруге тура келді. Әттеген-ай!!! Бірақ алдағы суреттердегі көріністерді өз көзіммен көру мен үшін ұмытылмастай әсерлер қалдырды.

Антонио Гаудиға арналған мұражай

 

Қонақ үйімізге қайтар жолымыз Барселонадағы әйгілі Рамбла көшесі (нақтырақ айтқанда желекжолы) арқылы жатты. 

 


Көше бойлай жүріп мынадай өнерлерге тап болдым...


Тамашалап отырғандарыңыз - тірі мүсіндер. Қорқыныштылау)))

Көше соңына дейін жаяу өтіп, Христофор Колумбқа арналған ескерткішке келдім. Колумб Америка құрлығын ашқаннан кейін алғаш рет Барселонадағы осы портқа келген екен.

 

Колумбтың ізімен, дәлірек айтсам, көрсетіп тұрған жеріне барып кемеге отырып бір сергіп алдым)))

 

Кайтар жолда қиял-ғажайып су бұрқақтарын көрген кезімде аң-таң болдым...

 

Бәрін көріп болған шығармын деп ойласам, жанымдағы гид картадан тағы бірнеше жерді сызып берді. Келесі күні оларды да көруге асықтым.

Мынау "Ciutadella" саябағы. Ішінде хайуанаттар бағы да орналасқан екен.

 

Шоколад мұражайы (тағы да жабық!!!)


 

Барселонадағы "Коррида". 

 

Өкінішке орай, тағы да уақыттың тығыздығына байланысты, армандаған "Фламенко" би кешіне баруға үлгермей қалдым((( Бұл да осы керемет қалаға қайтып келудің себебі болатын шығар болашақта!!!

 

Дегенмен, осы сапарға барып, інім Тоқтардың бір арманын орындадым))) Ол...