Неге олай???

Неге олай???
жеке
блог

  Массагетке келгелі көп уақыт өтпесе де, сайттың жастарға берері мол, тәрбиеліік мәні зор екенің ұғындым. Сайт болашақ журналистер, болашақ ақын, жазушылардың қаламын ұштайтын, дүние танымын кенейтіп, шығармашылық тәжірбие жинауға мол мүмкіндік береді екен. 
  Десекте, сайтта «мәліметтер еңгізу» батырмасының «саяси көзқарас» пунктінде «Оппозициялық саяси көзқарас» еңгізілмеген. Себеп неде екен?! Мүмкін сайт тек билікті жақтаушыларға арналғанбекен?
Жо-жоқ біз Қазақстанда өмір сүріп жатырмызғо!!! Қазақстанның ұстанған сияси бағыты «Демократия». Демократия болған саяси режимде опозиция болу керек деп ойлаймын. Оппозиция дегеніміз кімдер? Олар халықтың жоғын жоқтап, халықтын сөзін сөйлейтін адамдар тобы. Билік басындағылардың істеген қызметіне қарай қарасын қара ағын ақ деп қаймықпай айта алатын тұлғалар деп ойлаймын. Олар еріккенінен билікті даттамайды ғой бәрі мына қара халықтың қамы үшінғо, халыққа жасап жатқан әділетсіздікті әшкерелеп халық жапа шекпесінші деп жүрген нағыз халқының патриот азаматтары деп түсінем. Менің саяси көзқарасым «Оппозиция » 
  Сайтта «мәліметтер еңгізу» батырмасының «діни көзқарасын» деген пунктінде «АТЕИС-тік көз қарарас» еңгізілмеген. Мүмкін сайт діңсіздерге арналмаған ба? Жо-жоқ біз Қазақтанда өмір сүріп жатырмызғоо!!! Қазақстан зайырлы мемлекет демек Қазақстан азаматтары қай дің ұстанғысы келседе өздері біледі деген емес пе? АТEИСтік көзқарас деген не? Ондай көзқарас ешбір дінге сенбейтін яғни діңнің барына әлі де күмәнмен қарайтын көзқарас. Ол ешқандайда секта анау мынау емес. Ол тек адамның санасында өмір сүретін ұғымғо. Ондай адамдар бар неге жоқ? Мысалға Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың көбі сол көзқараста. Мысалы жазды күні подезъдің алдында отырған бір атаймен сөйлестім. Өзі соғысқа қатысқан майдангер ата екен. соғыстан кейін бір журналда редактор болып істеген. Ол кісі АТИИСтік бағыт ұстанады екен. Ол маған айтады:
- Соғыста 20 милион адам өлгенде құдай қайда қарап отырды. Мен сол себепті оның барына күмәнмен қараймын дейді. Ол кісі сектант емесқо. Қазақтың қарапайым білімді азаматы. 
Сосын тағы бір айтайын дегенім сайттағы қара көз қазақ бауырларымның діни көзқарасы дегенде христиан деп тұр. неге олай?Соны білгім келеді?