Мықын биінің сиқыры

Марал  3-4 айдан бері мықын биімен айналысып жүр. Алғашында  би залына кәдімгі спорттық костюммен баратын. Жақында  үлбіреген әдемі костюм мен монисто  сатып алды. Монисто- шығыс бишілері киетін костюмнің  ең маңызды бөлігі. Жарайды, бұл туралы сосын ...

 

Менің бір байқағаным- 3-4 айдан бергі еңбегі еш кетпеген құрбымның белі қылдырықтай  болып, мүсіні әдемілене түскен. Көңіл-күйі де бұрынғыдай емес үнемі көтеріңкі. Бұрынғыдан гөрі нәзіктеу, қылықтырақ па, біртүрлі...Өзінің айтуынша, бұл-мықын биінің сиқыры.

 

Сонымен біз яғни, Маралдың айналасындағы  қызақай  құрбылары  мықын биімен айналысамыз-деп шештік. Енді… Алдағыны Алла біледі ғой. Көрерміз… Біз немен айналыспадық? Бұған дейін де бірнеше спорттық клуб пен бассейннің табалдырығын ауызша  «тоздырғанбыз»)))

 

Ал, енді уәде еткенімдей, монисто туралы… Есте жоқ ескі заманда Үндістаннан  Мысырға  сығандар келеді. Олар әдемі әуен мен әсем бисіз жүре ме? Бірақ, жат жер сығандарды құшақ жая қарсы алмағанға ұқсайды. Бишілер көшелер мен базарларда ұзақты күн жұрттың көңілін көтереді екен. Сөйте тұра  олардың еңбегін мысырлықтар  тиын-тебенмен ғана бағалапты. Үй-күйі  жоқ бишілер сол тиындықтарды көйлектері мен бөксесіне байлаған  орамалдарына іле берген. Шығыс бишілері киетін костюмнің ең маңызды бөлігі -монисто  осылай пайда болған екен.



Бөлісу: