Бұл өмірде өтті талай,келер талай...

Бұл өмірде өтті талай,келер талай...
жеке
блог

           Адам мен «адам»

Адам дегенде бар болады,не жоқ болады,

Жақсылы-жаманды қасиеті көп болады.

Адамды бөлер едік сансыз топқа,

Бірақта,іліп кетер саналы-санасызға.

Не өмір бұл?

Бір адам бар жақсыны аямайтын,

Досы түгіл қасынада іші тарылмайтын.

Алласы бар аузында,иман берік,

Әрбір күні қуаныштан жазылмайтын.

Ол адам етер жақсы Алла үшін,

Рахымы мен назары түсу үшін.

Мына қысқа жалғанда бәрі қонақ,

Біліп соны,сауапты жинау үшін.

Алла

Басқаға назар салмай жүрсе сол жан,

Ешнәрседен хабарсыз жүр кейбір қу жан.

Жақсы етуге арланып,зомбылықтап,

Оны мен теңер едім жоқ жүрегі жан.

Тырқ-тырқ күлкі мен жалған жымиы,

Сол күлкіде жатыр ғой небір сыйы.

Бос  ыржаң мен азғырумен өтетұғын,

Бұл өмірде өтті талай,келер талай...

....

Нұржан Нұрпейіс.