Міне саған дипломмен ауылға?!

 Бірде жолым түсіп ауылға бардым. Ауылды көрмегелі біршама уақыт болғасын, ауылдыы аралауға шықтым. Достарыма барып, біраз жүргесін мектеп жаққа бардым. Мүмкін таныстарды кездестіріп қаламба деген үмітқо менікі. Мектеп жақ тып тыныш бірен саран жүргінші болмаса көп ешкім көрінбеді. Демек қонырау әлі соқпаған болар деп ойладым. Күте тұрайын деп ойладым да қасымда тұрған қарағай ағашының етегіне жайғастым. Күткен қонырауым көпке созылмады, он минут уақыт өткесін шырылдап қоя берді. Мектептен ең бірінші төменгі сынып оқушыларының ер балалары жүгіріп шығып бірін бірі қуып бір бірімен алысып ойнап кетті. Ал қыздары болса мамаларының капрон киімдерін жіп сияқты созып секіріп ойнай бастады. Кейбір ботаниктері портфилдерін құшақтап үйлеріне зытып бара жатыр. Мектеп аланын у-шу шыңғырған дауыс, қыздардың тық-тық секірген дауыстары басып кетті. Мектептен таныс біреу шыққан сияқты болды. Таним бірақ есіме түсіре алмай жатырм, мені көріп мааған жақындап келе жатыр. Ееее бұл досымның інісі Нұржан екенғо деп есіме түсірдім. Келіп амандасып, қасыма тұрды.
- Сабақ бітті ме? – дедім.
- Жоқ . әлі бір сабақ бар. 
- Енді неге кетіп бара жатырсын, қатыспайсынба? – дедім (құдды өзім еш уақытта сабақтан қашпағандай) 
- Е жоқ... қатыспасамда болат өзіміздің ағайғо – дейді. 
- Дене сабағы ма?
- Жоқ физика ғо дейді – еш қысылмай
- Кім береді ?-дедім (кезінде маған берген мұғалім шығар деген оймен) 
- Жаңадан келген... ана нағылдитын еді..... ана... Дипломмен ауылға сомен келген біреу. Аты Ерболат дейді.  
- Мм дедімде үндемедім. 
Бір уақытта Нұржан ініміз қалтасынан керемет бір мақтанышпен насыбай алып шығарды, алақанына аузына сиятындай мөлшерде соққылап салды. Өзі бір алақаннан екінші алақанға салып, үріп қояды. Оны асықпай байыппен істейді. Бір көзімен маған қарап қарап қояды. Оның көзінен мен не айтқысы (немесе не білдіргісі) келіп отырғаның бірден түсіндім. Енді бала емеспіз енді үлкен болдық ,көрдіңбе насыбай атамыз дегенді оқыдым. Қазір жастар неге тез үлкейіп ер жеткісі келеді екен? Олардың ойынша насыбай, темікі, арақ адамды үйлкейтіп көрсететін болғаны ма? Аған осыны аузына алмайды сен қайдан үйреніп жүр екенсін деген сияқты сан алуан ойға шомып кетіппін. Сәлден сон мектеп жақтан соқпалдай бір жігіт жүгіріп келеді екен! 
- Мынау кім?- дедім.
- Манағы мен айтқан физик қо- дейді
- Ммм дедім тағыда ішімнен қазір құлағынды бұрайтын болды ау деп ойлап тұрып. 
Физик ағайымыз жетер жетпестен – Дос, дос чики берші? - демесі барма. Ішімнен «мәссаған мынау бір қызық болдығой» деп ойлап тұрм. (Біздің жақта насыбайды жастар өздерінше чики дейді )
Оған не керек Нұржан ініміз ұстазын ренжеткен жоқ , уысына өзі «жарайт жарайт» дегенше құя берді. Сабағынан қашып бара жатқан балаға «дауай дос рахмет» деп бұрылып кете барды. « Ағай жоқ қоймайсызғо?» деп ініміз еш қысылмай айта салды. Ал ананың «дауай дауай » деген дауысы естілді. Құлақ бұрау қайда мынаның оқушыларды тұрғызып сабақ сұрауға да духы жетпейтіндей көрінді.  
- Мынау шынымен сабақ береме? - деп сұрадым сенінкіремей.
- Ия береді – деді салмақты үнмен.
- Нешінші жылғы – дедім
- 88 жылғы- дейді 
- Сенші?
- 96
88 жылғы жігіттін 96 жылғы балаға «дос дос» дегені қызық екен деп ойлап қоям. Аппақ сақалымен жас баланың артынан дос деп сүкектеп жүгіретіндей не қара басыпты? Мүмкін ауылда насыбай сатпайдығо, сосын кімде бар сонын соңынан үлкен кішісі бірдей сүкектеп жүгіретін болғаныма? Ұстазы шәкірттімен қосылып насыбай ататын болса қайдағы тәрбие қайдағы білім. Міне саған дипломмен ауылға?!



Бөлісу: