Бір жыл, бір күн

Бір жыл, бір күн
жеке
блог

Бір жыл бір күн, бүгін менің массагетке келгеніме бір жыл бір күн болыпты

Зымырап өтіп бара жатқан уақыт ай, кеше ғана есіктен сығалап, мынау қай ауылдың балалары екен деп қызығып жүргендеймін. Қазір осы ауылдың бір бұрышынан орын алған жайымыз бар. Бүгін сіздермен бірге  сыр ақтарып,есеп берейін деп отырмын))

Ос ындағы блог әлеміне массагет сайтынан бұрын келген ардагер блогерлерден басқаларыңыздай менде алғашында ыңғайсыздана, имене келген жайым бар. Қалай қабылдайды екен, бұлар бәрі бір бірін таниды ма, әлде бір мекемеде қызмет атқарып отырған әріптестер ме, қалай бір бірін таниды, қандай жылы орта деген ойлар болды. Сөйтсем бәрі өзіміздікілер екен, ептеп ептеп ішке кіріп, танысып, пропискаға отырып, содан осы жер  жерде тұрақтап қалдым. Мейлі Қазақстанның ең әдемі деген қаласында бол, әлемнің керемет астаналарын арала  бәрібір өз туған жеріңнен ыстық жер жоқ екені бәрімізге мәлім ғой, сол сияқты шексіз интернет әлемінде массагетке жететін сайт жоқ. Ер Төстік ертегісінде Ерназар айтады ғой: «Ер Төстігім бір төбе, қалған ұлдарым бір төбе» деп, сол сияқты, қазақ сайттары бір төбе, Массагет мен үшін бір төбе.

Досым арқылы он.кз сайтын оқып тұратынмын, арасында «Алаш айнасы» газетінің сайтын, себебі ол үнемі мой мир әлеуметтік желісінде сілтемер лақтыратын, газеттің әр саны шыққанда. Он.кз сайтынан жазба оқып отырып, массагетті көрдім, анда санда келіп оқып тұратынмын. Содан наурыз айы туып, мереке күні біздің ұжымға сахналық қойылым жүктелді, әкімшіліктен сондай тапсырма келді . Содан Жігіттер квартетінің орынлауындағы «Балқадиша» әнін негізге ала отырып, сахналық көрініс дайындайтын болып келістік. Шапқылап осы әнге түсірілген бейне баянды іздемейміз бе, еш жерде жоқ. Интернеттен іздеуді ұсынып, гуглге іздеу салдық. Алдымнан анда санда бас сұғып жүрген массагет шықты,ашып мына мақала арқылы қойылымызға сценарий жазып. Сол күні массагетке тіркелдім. Алғашында еш қай жерге пікір жазбаймын, үнсіз оқып шығып кетемін. Сөйтіп жүріп пікір жазып, Анар жауап жазып. Содан кейін үйреніп кеттім. Өзіме көптеген мәліметтер алдым, білімімді толықтырдым, көп нәрсе үйрендім, достар таптым тағы жа айта берсем көп қой))

 

Қазір есіме алсам, тіркелген күні қандай жазба оқығаным есімде  емес, үйде интернет жоқ мерекелік демалыстан соң келіп қарасам блогқұрылтайдың өтілу барысы  жайлы жазабалар шығып тұр екен, суреттермен, сол жазбалар менің қызығушылығымды арттырды. Сол жазбалар арқылы интернетте қазақ сайтарының бар екені, олардың бір қауым екенін түсіне бастадым. Сол құрылтай биылда өз жалғасын тауып еліміздің шырайлы қаласы Шымкентте өткелі жатқаны барлықтарыңызға белгілі, осы орайда құрылайтайға баратындарға  ақ жол тілеп, жақсы барып қайтуларына тілектес екенімді айтқым келеді.

Міне бір наурыздан келесі наурызға аман есен, баурымыз бүтін, қатарымыз көбейіп келіп жеттік. Әр жыл наурызда әрдайым аманшылықта жолыға берейік достар, осы бір жыл ішінде көңілдеріңе келетін пікір айтып, байқамай немес әдейі ренжіткен сәттерім болса кешіріммен қараңдар. Наурыз мерекесі қарсаңында өкпе ренішті ұмытып, адамдар бір бірімен емен жарқын амандасып, құшақтасып, реніштерін ұмытады ғой, осы салтты ұстанайық. Кешірімді болайық.

Ұлыстың ұлы күніне орай сұрақ жауап сайты және самсунг компаниясы байқау ұйымдастырыпты, сол байқауға менде бағымды сынадым, мына сілтемемен өтіп, бағаларыңызды беріп, пікір жазып, әлеуметтік желілерді бөлісе отырыңыздар. (пешті ұтып жатсам, тамақ түр түрін пысырып сіздерге үйретемін)

Бірді айтып бірге кеттім ғой, апам сияқты)) былтыр осы уақытта сахналық қойылымға дайындалып өткіздік, биыл біраз уақыт жұмыста болмадым, наурыз күні елдің бәрі алаңда тойлап жүргенде мен перегонда балға соғып жүремін ау деп ойлағам, сөйтсем меған биылда қатыстырыпты, батырдың ролін сомдауға (арық батырдың) бір жақсысы ешқандай сөзі жоқ екен, сауытты киіп алып, аттың үстіне журетін, ат табу жағы ғана қиындау болып тұр. Осындайда Аягөзім болса ғой еш ойланбай ақ  ат табар едім деп ойлап отырмын, 80%пайызы орыс халқы тұратын Серебрянкада қиындық туғызуда.

Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, төрт түлік малдың төлдеп санының артуы деп білемін

Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіздерді  де зор қуаныштарға бөленгейсіз! Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін! Осы көктем мерекесі барлықтарыңызға құшақ махаббаттың гүлін сыйласын!