Оралу...

  Вокзал...
  Москва-Алматы бағытындағы поезд келіп тоқтады. Адамдар апыр-топыр, біреулер «№8 вагон қай жақта» деп вагоннан вагонға барып жүгіріп жүр, ал бір адамдар поездан түскен жақының құшақ жайып қарсы алып жатыр. шеттеу тұрған №14 вагоннан ең соңғы болып Сейсен шал шықты. Шықтыда терең тыныс алып біраз тұрды. Қолында бір ескі чимодан. Қай жаққа бет аларын білмей тұрды да, жұрт кетіп бара жатқан жаққа бет алды. Вокзалдың алдыңғы жағынан бір ақ шықты. Алдыңда өзіне таныс Чапаев ескерткіші тұр. Көзіне оттай басылды. Ескерткіштің жанына барып отырды. Кезінде Москваға кетіп бара жатып естелік болсын деп осы Чапаев ескерткішінің жанында шығарып салуға келген жора жолдастарымен суретке түскені есіне түсті. Ол кездері жасы қырықтарда шашына бір ақ шаш түспеген кез еді. Ал қазір шашы физика ғалымдарының шашындай аппақ, беті қолы тереңдеп әжімденген,бойынан қайраты кеткен кәрі шал. Сол поездға жігіт ағасы болып кіріп, қаусаған шал болып шығып тұр. Көп отырды, ойға шомды. Есіне атамекені, туған ауылы түсті. Жақын маннан: 
-«Такси, такси кез келген жаққа барамыз» деп айқалап тұрған бір жігітке барып жолықты .
  Ақ жигулидің есігін ашып, отырып, жүріп кетті. Қала өзгеріпті , бірақ та өзінің терең тарихын сақтап қаз қалпында тұр! Бұл Орал! Сейсен шалдың ата мекені. Еңді ауылға жетсе ата мекеннің нағыз жүрегіне келеді. Ол 40 жыл бойы жеберіп алған уақыттың есесін қайтарғысы келгендей қаладан, салынып жатқан зәулім ғимаратардан көз алмай қарайды. Москваға жетпеседе Сейсенге бұлардың бәрі ыстық ғажап дүние болып көрінді.  
  ....Жүріп келеді....жүріп келеді.... Міне ауылға жақындады.... Ауыл шетінде орналасқан молаларды көрді. Жүргізушіге машинаны солай қарай бұруды сұрады. Машинадан түсті аяғы жерге тиісімен өн бойына бір ыстық нәрсе жүгіріп өткендей болды. Көзінен жас сорғалады. Бұл сағыныш қуаныш жасы болатын. Тізерлей отырып жерден бір уыс топырақ алып сағыныш мауқы басылғанша иіскеді. Жерде өсіп тұрған жусанды алып оныда иіскеді. Иісі ащщы болсада Сейсенге бұдан жұпар бұдан тәтті иіс болмады. Орнынан тұрып молаларға көз салды. Бұрынғыдай емес әлде қайда үлкейген. Бейіттерді аралап жүріп келеді. Құлпытастардың араларынан өзін шығарып салуға келген жора жолдастарының есімдерін оқыды. Көзіне жас келіп, топырақ алып салды. Машинаға отырып, ауылға келді. Ауыл адамдары бұл кім болды екен деп таңғалып қарап тұр. Жүргізушіге рахметін айтып жолына жеберді. Жаяу келеді... артынан- Сейсен сенбісін?- деген үлкен кісінің дауысы шықты. Артына қарап тұрып қалды. Бұл өзімен кезінде аграном болып жұмыс істеген Тәжи болатын. 
Өзі өзгерген Сейсен сияқты қаусаған шал болыпты. Сейсеннің көзінен жас сорғалап кетті екеуі бір бірін қапсыра қатты құшақтап ұзақ тұрды. Мауқымдарын басқан сон Тәжи үйіне ертіп кетті. Ұзақ сыр шертіп әңгіме айтты. Замандастарының бәрі о дүниелік болып кетіпті. Тәжи шал үйінде жалғыз тұратын. Сейсен Тәжиді жалғыздықтан құтқарып осында тұрақтап қалды. Бір жылдай уақыт өткесін ауыл адамдары бейіт басына жинала бастады. Бұлар Сейсеннің мәйітін жерлеуге келген болатын.....
  Бұл туған жердің бір уыс топырағы бұйырған Сейсен шал жайында. Ал шетте, туған жерден жырақ ата мекеннен бір уыс топырақ бұйырмай арманда кеткен жандар қаншама? 



Бөлісу: