Агент,фейсбук,твиттер.Бәрі,бәрі...

Агент,фейсбук,твиттер.Бәрі,бәрі...
жеке
блог

...Ең басында мир жасағанда қызық болып еді.Агент десе ішкен асымды жерге қоятын едім.Қызық...Сондағысы сабақ үстінде отырып алып көрші партадағы оқушымен сабақ үстінде сөйлесесің.Бүкіл мектепті (мұғалімдермен қоса) контактіге қосып аласың.Барлық таныс-маныстарыңнан соң жаңа достар қоса бастайсың.Ол виртуалды дос - дос бола ала ма.Кейде оларды да шын өмірде кезіктіресің.Бір-бірімізді танығанмен танымағансып кетесің.Оны да қойдым...Кейін басқа да желілік торларға тіркеле бастадым.Твиттер,фейсбук,контакт...Фейсбук пен контактіден қызық таба алмадым.Твиттерге бір екі айдай твиттер жаздым.Сосын жұлдыздарға твит жаза бастап,олардан бірнеше жауап келген соң оны да қойдым.Қазір енді осы желілерімдегі тіркеулерімді анда санда кіріп тексеіп қоямын.Сонда да көп отыра алмаймын.Мүмкін мені виртуалды өмірдің қызығынан шынайы өмірдің қызығы көп қызықтыратын болуы керек.Енді міне,алғашқы блогым.Енді қанша уақыт блог жазар екенмін,оны бір Құдай біледі.Жарайды,енді ҰБТ-ға дайындалайын.