Айғақ
жеке
блог

Айғақ

Сен махаббатқа сенесің,

Мен де, алтыным, елесім!..

Жағалау болып тартайын,

Жаныңның аппақ кемесін.

 

Cүю,  дәлелді, ол неше,

«Сағындым!»- дедің, сен кеше.

Зарығып қанша жүреміз,

Отау тігейік ендеше?!

 

Арманды бірге қуамыз,

Биікке бірге шығамыз.

Махаббат бар екеніне,

Екеуміз ғана куәміз!