Мектеп естеліктері....

Мектеп естеліктері....
жеке
блог

Мектеп естеліктері....
  Осы бес әріптен тұратын қарапайым сөз есіме түссе сағыныш атты асау атқа мініп өткен шаққа құстай ұшып жөнелем . Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, мектеп табалдырығынан түлеп ұшқанға дейінгі қызығы мен шыжығы мол сол бір күндер, сол бір жылдар жүректе мәңгіге сақталып қалады екен.Осы күні қара танып, жазу жазып отырғаным сол мектептің арқасы емеспе?. 
  -Мама Ерлан (құрдасым, көршім) ертен мектепке барам дейді, менде барайыншы деп сұранған едім.
Келесі күні бір қолымда он екі беттік даптер, екінші қолымда сол кездегі жасыл түсті көк қалпағы бар қаламым бар өзіммен өзім мәз болып мектепке кірдім. Солай алғаш мектеп табалдырығын аттап едім. 
  Қызық күндер басталды.... Мектеп деректоры қарттау келген, көзінде көзілдірігі бар, жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын әйел адам болатын.Әйтседе «Деректор» деген салмақты сөзді естігенде мектеп түгіл, сыртта жүрсекте тұра келіп қашатынбыз. Неге екен.... Сынып бұрышында тұрып көрмеген ер бала жоқ шығар. Менде бұрышта тұрдым... Бұрышта аузынды бұртитып алып артына жалтандап қарағыштай бересін. Құдды ұстазын үшін тұрғандай.... бірақ ол кезде әрене өзінің теңтіктегінді көрмейсін бәріне мұғалім кінәлідей санайсынғо. Тағы бір есімде қалған естелік нешінші сынып оқығанымды білмеймін (1 сынып сияқты) минутқа оқыту дегенді суқаным сүймейтін. Сол кезде басқалар 13-10 сөз оқитын болса мен «отличник» бар жоғы 3 сөз оқитын едім. Ежіктеп, әріпке әріпқосып болғанша бір минут уақыт өтіп кететін. Тағы қызық бар есімде қалған сыныпта өзімізше сабақ оқып отырғанда үлкен класстың оқушылары есік ашып ұзын колидормен жүгіріп апайымыз шыққанша жоқ болып кететін. Ой тентек деп апайымыз қалатын орта жолда. Біз өзімізше солай істегіміз келіп басқа сыныптың есігін ашып қашатынбыз Онымен біз ұзын колидордың арғы шетіне жеткенше мұғалім шығып өй әлгі түгіншінң, мына түгіншінің баласы әкене айтам мында кел деп шақырып ұрсатын. 
  Сабақ үстінде ..... өзінше қатты оқып қойғандай шаршап отырасын.... Сабақ ешқашан бітпейтіндей көрінеді.... Жүрегін бір нәрсе сұрап бір нәрсе жетіспейтіндей көрінеді... Ол не? Ол әрене зарықтырып, сағындырып келетін жез қонырау үні.... Сылдыр сылдыр еткен сол бір жез қоңырау үнін қалай сағынғанымды білесіздер ме?  
  Жоғары сыныпта жүргенде ес кіріп болашақты ойлай бастадық. Ойлап жүріп сабақты қалай жақсы оқып кеткенімізді байқамадық. ҰБТ ға дайындалып болашақ армандап кеттік... Міне он бір жыл азды көпті өміріміз зу етіп өте шығыпты. 25 мамыр..... Деректор сәт сапар тілеп сөз сөйлеп тұр.... Түлектер қаз қатар тізіліп деректорға үнсіз қарап тұрық.... Иығымызда желпілдеген лента, кеудемізде шырылдаған кішкене қоңырау.  
  Соңғы қоңырау..... Бұл жез қоныраудың үнін соңғы рет естіп тұрғанымызды сезініп, тып тыныш тыңдап тұрық.... Қош... Қош бол аяулы менің мектебім.  
     Мектеп сені өмір деп аталатын үлкен шайқаста ең қажетті қару жарақпен, яғни біліммен, ақыл парасатпен қамтамасыз ететің әскери бөлім. Шайқас кезінде қиналмас үшін білімнің түпсіз терең тұнғиығына қарай сүңгі Жас Ұрпақ!!! Болашақ Түлек!!!