Орындаушылық өнер түрлері. Сіз білесіз бе?

Орындаушылық өнер түрлері. Сіз білесіз бе?
жеке
блог

1.) Қуыршақ қойылымдар

Қуыршақтар ойын-сауықтың ең ежелгі түрі болып табылады. Марионеткалар деп аталатын жіпке байланған қуыршақтар ғасырлар бойы белгілі болған. Англия теңіз курортының дәстүрлерінің бірі әртістің орындауындағы Панч және Джуди шоуы болып табылады, ол өзі тасаланып отырып ,тек өзінің қуыршақ киілген қолдары мен дауысын пайдаланады. Қазіргі таңда әртүрлі мультфильм қуыршақтары телевизияның атақтылары ретінде белгілі болып отыр, ал компьтерлік дизайынның көмегімен  жасалған кейбіреулері тура тірі сияқтыболып көрінеді. Ал ең кеңінен тараған " көлеңке қуыршақтар " театр қойылымдарын Индонезия тұрғындары тамашалайды.

2) Алғашқы цирк

 Қазіргі сайқымазақтар, грек және рим қойылымдарында өнер көрсеткен  " буфондардан " тараған, олар ойын барысында көрермендерге кейде жаңғақ сияқты заттарды лақтырып отырған.

Ежелгі Римде циркті стадион деп атаған . 1700 жылдары Еуропада шоумендер                  "цирк "деген атауды аттардың қойылымдарында пайдаланған. Филипп Астлей 1770 жылдары Лондонда ат өнерінің қойылымдарын көрсеткен. Құрамы аттар, жабайы аңдар, акробаттар және сайқымазақтардан тұратын. Сол көшпелі цирктер 1800 жылдары әйгілі бола бастады. Ең атақты цирктер ағайынды Ринглингтер , Барнум мен Бейли болды.

3) Карнавал

Фантастикалық көйлектер мен маскалар Венеция карнавалының  бір бөлігі болып табылады.

Алғашқы карнавалдар христиандық пасха басталар алдында тойланатын діни мейрам болатын. Қазіргі карнавал -безендірілген жылжымалы платформалары , көпшіліктің көңілін көтеретін әртістері және сап түзетін топтары бар үлкен көше театры мен бишілер парады.Атақты карнавалдар Бразилия,АҚШ және Ұлыбританияда өткізіледі.

Сурет:  www.bnews.kz