Қазақтың цирк өнері

Қазақтың цирк өнері
жеке
блог

"Цирк" десе, көз алдымызға өз ойын күлкілі іс-әрекеттермен жеткізіп, көпшілікке күлкі сыйлайтын сайқымазақтар елестейтіні хақ. Ал сайқымазақтардан өзге циркте қандай жанрлар кездеседі?! Соңғы рет циркке қашан барған едіңіз?! Цирк өнерінің қыр-сырын білесіз бе?! 

Әуені бағындыра білген акробаттар, жан-жануарлардың тілін тауып, оларды би билеуге үйреткен бапкерлер, ат құлағында ойнайтын шабандоздар, күллі әлемге қазақ елін танытып жүрген цирк әртістері жайлы толығырақ білгіңіз келсе, бүгін арнамызда сағат 19:30-да болатын жүргізуші Қазына Әбдіғапбардың "Ұлт пен ұрпақ" бағдарламасын тамашалаңыздар!

Бағдарлама барысында Қазақстанның ең жас сиқыршысы небір сиқыр көрсетеді, ал ең жас әуе акробаты 6 жасар Марина өз өнерін ортаға салады.

Осы және өзге де қызықтардан қапы қалмаңыздар, достар! 

Сурет: almaty.tulp.ru