"Сен онша да періште де емес ең".....

"Сен онша да періште де емес ең".....
жеке
блог

Енді саған мақтау айтып нетемін?

Алтынға да керек емес әспеттеу.

Көктем келсе гүлге орап етегін,

Мың құлпырып кетесің-а, әп-сәттеу.

 

Бар кінәсін жуа-шая салатын,

"Сен онша да періште де емес ең."

Маған да онша ұнамайтын қара түн,

Қара  көзің  демесем.

 

Ұмыт қалып мақсатым мен мұратым,

Ұзын қара бұрымыңда өтті күн.

Сені өзгеден ерекшелеп тұратын

Ерекшелігіңнің жоқтығы.

 

Көлімізді  қиып ұшып кете алмай,

Біздер үшін үміт-көктем, күдік-күз.

Қарыс қадам жерде тұрып жете алмай

Қолымыздан тағдыр жасап жүріппіз.

 

Оңамыз ба кінә артқанмен тағдырға,

Құдайды кім соттап көрген тәйірі.

Енді мүлде асқақ тұрмақ алдыңда

Саған ғашық шәйірің.

 

Түндерімде қиялымда жататын,

Күнім дейін, Айым бол.

Атқан  таңның кезі де бар бататын,

Қоштасуға дайын бол.