Арманға айналармыз....

Кездей соқ кездесерміз мүмкін, мүмкін,
Арманға айналармын менде бір күн.
Іздерсің, таба алмассың мені қалқам,
Азайып езуіңде жарқын күлкің.

Сыйа алмай бар әлемнің кеңдігіне,
Біз алданған сезім де жеңді міне.
Қош тасып кыс та кетті біле алмай дал,
Кім білсін, кім төзеді ендігіңе?!

Ойланам жалғыз бақты аралай құр,
Сен мендік жүрегімді жаралай тұр.
Келгенмен қысты қуып көктем маған,
Әзірге оң қабақпен қарамай тұр.

Сен іздерсің, мен дағы іздеп арман,
Біз қуанған шақтар да күзде қалған.
Басқаға сыйлай алмай неге жүрмін?
Кезінде жұрт қызғанған біздегі арман.



Бөлісу: