Мені ойға батырған ойларым

Мені ойға батырған ойларым
жеке
блог
Бүгін күнімнің көп бөлігін ойланумен өткіздім.
Ойлану менің хоббиім сияқты болып кетеді кейде. Сол ойланудан жүрегім де ауырады қазір. Сөзді неден бастарымды білмеймін.Сондықтан дәл қазір ойыма келген сөзден бастайын. Кеше агент блогына біреудің «Жаман дос көлеңке сияқты, бұлт шыққанда таппай қаласың, ал күн шыққанда артыңнан ілесіп қалмайды». Осы бір ауыз сөз мені көп ойландырды. Өмірімде көп досым болды деп айта алмаймын. Мектепте бір құрбым, университетте бір құрбым болды. Солармен ғана сырларымды бөлісем. Басқа бір жанға сыр ашпаймын. Олардың жақсы дос екеніне сенем. Басыма іс түскенде таппай қалған кезім болған емес. Бірақ осындай достар барына қарап ішің ашиды.
Тағы да бір ойшыл «Сіз тәртіпті қалай орнатасыз дегенде. Сен басқарып отырған жер қараусыз қалған ғимарат деп есепте. Оның бір терезесін шағып кетсе дер кезінде жөндемесең келесісін міндетті түрде шағады. Сондықтан бәрін қадағалап отыру керек»- депті. Шынымен де сәл кеткен қателікті түземесең, ол үлкейе береді. Және бір мысал: Өтірік айтуға мәжбүр болсаң. Артынан мойындауға тырыс. Болмаса кішкене өтіріктің артын, үлкен өтірікпен жабуға тура келеді екен өмірде. Өз айналамды үнемі тәртіпке шақыруға тырысам. Мысалдағыдай сынған терезені бірден жамай білу де үлкен өнер екен.
Бір жерден бір кино көрсем, немесе жай жазылған мақала оқысам, болмаса жай сөздің кейіпкерлерін өзіммен көп салыстырамын. Оның орнында мен болсам не істер ем. Жақында ғана бір газеттен «Әншіге ғашық болған бойжеткен»деген әңгіме оқыдым. Сол менің ойымнан мүлде шығар емес. Сондағы қыз бір әншіге қатты ғашық болып. Оқуға келгенде әншіден аумайтын баламен танысып,ақыры қыз баланың қулығы қырық түйеге жүк болады демекші. Құрбысының көмегімен қармағына түсіреді. Ақыры үйленіп бірақ тынады. Бірақ ол әншісін әлі ұмыта алмады. Баласының атын да аттас етіп қойды. Күйеуі басында мән бермегенмен кейін мән беруге тұрарлық оқиға болады. Әнші солар тұратын қалаға келеді.концертке бару үшін баланы бесікке бөлеп кетіп баласы өліп қала жаздайды. Сондағы күйеуінің шыдамы жетіп отбасының ойраны шықты. Керегі осы ма еді?! Деймін өзіме. Тунтековке қанша ғашық болғаныммен, ол маған күйеу болмайтынын білемін. Сондықтан реальностты ойлау керек қой деймін тағы өзіме. Отбасы ойыншық емесін түсіну керек екен. Әйтеуір осылайша болашақ отбасым туралы ой да түйіп үлгердім.
Бүгін бір мұғалімнің «Әлсіздер-кек алады, мықтылар-кешіреді, бақыттылар ұмытып кетеді» деп еді. Бұл ойды да қорыту бүгінгі ойларымның еншісінде болды. Шынымен де соншалықты әлсіз болғаным ба? Деймін өзіме. Бір адамның мені жөнсіз ұятқа қалдырғанын, болмаса жөнсіз соқтыққан болатын болса. Соны алдына келтіргенше тыншымаймын. Бұндағы ойым жөнсіз істерімен мені басынбаса екен деймін. Мұндайда бірінші болып кешірім сұрау ойыма тіпті келмейді. Ал менікі дұрыс болмаса осылай біраз уақыт ойланып барып кешірім сұрап өзім барам. Барлық ісімнің мотиві тағы да осы ойларым.
Шай үстінде құрбылармен отырғанда, болмаса сабақ болмаған кездерде бос отырғанша деп осындай аннан мыннан жинаған нақыл сөздер, болмаса ойшылдарың сөздерін, тіпті кейде целый әңгімені ортаға тастайтын әдітім бар. Тіпті кейде біздің философ деп те мазақтайды құрбыларым. Жаза берсем бұл бүгін ойлағандарымның жартысы ғана. Шынымен де басқа адамдар да осылай ойлана ма екен деп ойлаймын ішімнен. Тағы да ой..... Бұл қалыпты жағдай ма, әлде шектен тыс ойлану ма білмедім. Сіздер де осылай ойланасыздар ма? Ойларыңызбен бөлісіңіздерші....
Тым көп жазғанымды кешірерсіздер. Блог жазбас бұрын көп ойланам. Бір екі сөзбен жазған сапасыз сөздер "Массагеттің" сапасыз жазбасы ретінде қалмасыншы деп. Тыңдалмаған сөз жетім демекші. Просмотр көп болып, пікірлер жазылып жатса қуанып та қалам. Бұл менің сегізінші жазбам. Алғашқы жазбам секілді жылы қабылдауларыңызды сұраймын!))))