Балалық шаққа саяхат

Балалық шаққа саяхат
жеке
блог

  Жазда атамның ауылына барып, шаруашылыққа көмектестін әдетім бар еді. Әр оқу жылының соңында менін бағытым айқын еді ол тіршілігі қайнаған ауыл. Қазақылықтан бейхабар, бала күнімде анашым мені нағашыларға жіберетін. Ол ауыл Жамбыл облысы Сарысу ауданы Маятас елді мекені деп аталады. Нағашы атам Алтынбек құшағын ашып, барын шашып,қазан көтеріп, ет асып қарсы алатын. Айран ішіп сайрандап, ми қайнаған жаз күндері суға шомылып, ауыл маңында мал жаю процессі басталып кетті.  Шу ауданы Төле би ауылында саябак,тал, болғандықтан ба дидарым аппақ демей ақ қояын, соған жақындау болдым. Ал енді қалай нағашы ауылға бардым, бірден солярий. 45 градус ыстық  төбеден, тынымсыз желі алдымнан ұрып әбден әуреге салатын әдеті бар тын. Жыл сайынғы жазғы демалыста нағашылар барып, шаруаға ысылып келемін. Аллаға шүкір, анама рахмет. Маған қазақы мінезді, қазақы шаруаны осы нағашыларым үйретті. Тұңғыш рет,атқа қонып.Айран ішіп, ет жеп қазақ болдым. Себебі мен тұратын жер орысшасы көптеу, заманауи әрекеті басым ауыл болатын. Жарайды мұны айттым.Енді бастысына көшейін.

Алтынбек атамның інісі Жақсыбек деген кісі сол ауылда тұратын. Бірде маған қой кезегін жайып келуімді сұрады. Далада жүріп ән салып, ананы мынаны бақылайтын әдетім бар болғандықтан бірден келістім. Ауыл бір жағы төбеге тірелетін,екінші шеті Созақ аймағына ұласатын. Мен қойды төбені беттетіп, ауылдын 12 шақырым жерден бастау алатын,суармалы су латогының асытнан өттім. Кешке дейін жайлыған мал, күн енкейгенде ауылға қарай бағыт алды. Мен анқау шаруаға шала келгендіктен, отарды әлгі су латогының үстімен өткізіппін. Себебі төбе үстінен ауылға бір қарау ғаибет еді,ләззәтқа бөлейтін. Соны қызықтаймын дегенде. Су латогына орнатылған кішкене көпірге отар толығымен сыймай, пысық ешкілер өзінше латоктың үстімен секіре бастады.Серке бастаса, қойлар қарап тұра ма? Оларда топ тобымен секіре бастады. Сонда тұяғына дұрыс есеп алмаған бір қозы, бұтының қысқалығын ескермей секірген уақытта тұғы тайып суға гүмп ете қалды. Бір айтарлық жайт  төбе үстімен тартылған латок, төмен қарай 150 метрге құлайды. Мен сол сорлы қозыны құтқарамын дегенде, осындай оқиға тап болған тағы 1-2 төлдердің тұяғы тайып оларда құлапты. Құтқармақ болып мен латокка кірдім,су ағысы қатты. Кішкене ғана күшіме қарамай сол төлдерді сыртқа шығарам деген ойымды қайтесіздер. Жә,сол қозыны ұстап тысқа шығарамын дегенде аяғым тайып, екпіні қатты сумен мен төлдермен қоса төмен ақтым.Елестетініздер 3 қозы, 1 адам қозы (мен мамамның қозысымын) латокпен 150 метрге дейін ағып келе жатыр. Қол аяғымды латок зақымдап,айқайлап отырып әуітке кеп сүңгідім. Бір сүңгіп қайта шыққанда сол екпінмен әуіт шетіне жармасып шықтым. Есіл дертім әлгі қозыларда,тұра  кеп соларды іздедім. Содан сол 2 төл аман қалып, 3-ні таппадым, келесі күні таптым бірақ жан жоқ. Сол төлдің иесі Айжан апамыздан ұят болды, ауылда ағайыншершілік бар ғой мені кешірді,әр бала екенімді ескерді,ұрысқан жоқ. Жазып жеткізгенім осы, бірақ сол шақтағы сезім мүлдем басқа. Жадымда жатталды.

Амандық болса,алда талай қызығымды бандаймын! ӘЗІРШЕ,,,,,