cheese day..
жеке
блог

cheese day..

Бұрын деймін да, кухняға кірмеу бақытын қалай жіберіп алғанмын а? :)

8 март жақындап қалған кезде 3 күндік мерекелік күнді ойлап, не істеймін, бұл жолы жақындарымды немен таңқалдырамын деп ойлаған едім :)

+ ірімшік(сыр)дың мөлшерден көп жатқаны тоңазтқышта мені осы ірімшік күнін жасауға мәжбүрледі)))

көмекке мына сайт келді :)

Сонымен 8 март күнгі жоспарым төмендегідей болды:

1) Ірімшік таяқшалыр:

мен күткендей болмады, әлде мен, лимонды көп қосып қойдым ба, особа желінбеді де :( жездем пивоға жақсы нәрсе деді..

2) Ірімшік шаригі:

дәмі өзіме ұнады, тым тойымды тамақ+ майлылығы басым ауыр тамақ деуге болады))) балдар жақсы көру керек, олар ауыр тамақтарды жақсы жейді ғо, қыздар мерекесі емес, балдар мерекесіне арнаса болады))))

менің вариантымда, жусай қосып жібердім, мүмкін жабыспайды деп қорықтым ба, очм көп қорқыныш болады ғо алғашында)))

3) Кимбап:

кимбапты бұл жолы Молокимен істедім )))) сипаттамасы қызық енді молокидің))))) бірақ сеніңіз ең дәмді тамақ, алдында айтқанымдай балықтың түр/түрі ұнайды))) молокиді алдында қуырған, сонын қалған мөлшері көптігі, кимбапты молокимен жасауға итермеледі))) жаман шыққан жоқ, үйдің кішкентайлары қызығып жеді,

қуырылған молокиге, краб, салат қосып жасадым, дәмді шықты. өзіме ұнады.

морской капустаны(нори жапырағы) арнайы корей дүкенен сатып алармын деп ұйғардым ендігісін, себебі, базардан алғаным тым жұқа болып шығып((( кейбірі ажь жыртылып кетті(((

өкініштісі кимбапты бұл жолы суретке түсіремін деп ұмыттыппын(((

4) пицца:

тура алдында жариялағандай болып шықты. бір айырмасы бұл жолы айранда қосып ашытатын болдым)))

5) ірімшік(сыр) пирогы:

қамырын пиццаға ұқсас етіп ашыттым да, үстіне қосарын жусай мен ірімшік(сырды) молырақ еттім:) жаман шыққан жоқ)))

Астарыңыз дәмді болсын!!! :)

 

ПС: торт пісірмек едім, 7 март күні тәтем барын дайындап қойғандықтан, қолымнан келгені 8 март-9 март күндері осы болды)))