8-ші наурыздағы тілек

8-ші наурыздағы тілек
жеке
блог

Қар жауса да, мереке бүгін деген,

Қаяу шалмас көңілді күлімдеген.

Айналайын, аяулы арман құсым,

Құттықтаймын, мереке күніңменен!

 

Бар санамда жатталған ерек есім –

Меруертім, жаным-ау, кел еркешім.

Құттықтап, алма беттен бір сүйейін,

Көктемнің ең алғашқы мерекесін.

 

Қызғалдақтай жаңа жарған қауызын,

Құлпыра бер, шарықтасын бағың шын.

Бақыт, шаттық, ғұмыр тілеп тағы ұзын,

Құттықтаймын, сегізінші наурызын!

 

 

сурет www.hameleons.com сайтынан алынған, тікелей сілтеме: http://hameleons.com/kazakhstan-design/kaz-prazdnik/8nauryz/