«Блондинкалар» күніне келіңіз!

«Блондинкалар» күніне келіңіз!
жеке
блог

                                                                                                                                                                                      Қыңыр мейрам

Класс тайм 13.06.12

   Келбетті Алатаудың баурайындағы бұл әсем қала Алматыда не болмады десеңші. Қанды қырғын көтерілістен бастап, мәдениеттің жоғарғы деңгейлі кештеріне дейін осында өтті. Алайда айтылайын деп отырған бұл мереке құлаққа құйтырқы, әрі көзге ерсі көрінеді. Неге деп сұрасаңыз мұның жауабы ақ шашты арулардың аталмыш күні.

ақ шашты арулар

    Ия, құлаққа қанша жағымсыз, көзге дөрекі көрінсе де Париж сән үйінің дәл төбесінде «День блондинок впервые в Алматы» деген түйіндей әріптермен жазылған жалауды кезіктіресіз. Алғаш көрген адамға тұрпайы болуы мүмкін әрине, алайда бұл мерекені тойлайтын қазақтар да бар екен мұнда. Кемеңгер жазушы, алып ақындардың туылған күндері де бұлай аталмас сірә. Себебі жалғыз Париж сән үйі ғана емес, өзге де сұлулық сарайлары тойлап жатыр бұл күнді. Біреуге сауда керек, біреуге сылтау керек. Ақшаның арбауына түскен қазақтар ғана мұның қаншалықты тәрбиеге әсерін тигізерін түсінбейді-ау тек. Қара шашты, қара көз аруларымыздың маңдайынан сипаған қазақ ұлты, күннен күнге сол әдетінен айырылып барады ма? Жылына бір рет, 8 наурызда ғана әлемдік стандарт бойынша тойланатын әйелдер мерекесіне бәсекелестік болып енгені ме бұл мейрамның. Әрине, қыз-келіншектерді құрметтейтін күндердің көбейгені дұрыс-ақ, бірақ солардың осындай қыңыр мейрамдардан гөрі, шынайы жүрекпен аталулары жөн еді. Алтын түсті аруларымыздың құрметіне әр сән үй біраз жеңілдіктер жасап, өз өнімдерін өткізіп жатыр-ау, мәз болған бикештеріміз мұның астында жатқан саясатты түсінбейді бірақ. Мейлі, тойшыл қазақ тойласын әрбір күнін, тек сол мейрамның салдары болашақ қара шашты аруларымыздың жаппай алтын шашты арулардың көбеюіне әкелмесе болғаны.

                                                                                                                                                                                 Гүлжан Серік