Қош

Қош
жеке
блог

Депрессия. Қош келдің! Қайта мен саған риза емеспін. Сен әркез маған біртүрлі бір көңіл күй әкелетінің не? Жауабын білсек те, "Өмір мәні не?" деген өтірік сұрақты да етегіңді ұстатып ерте келесің. Қайта ойлансын, мың рет келген шешімге мың бірінші рет келсін дейсің бе?! 

Сонда Депрессия бүй деді:

- Артолды...

- Ау, Дәке.

- Мен саған бір күлкілі оқиғаны мың рет айтып қойып, мың бірінші айтқаныма сен күлемін деп ойлайсың ба?

- Бәрі де бір кез жалықтырады ғой, 10-рет айтқаныңнан кейін күлмесім анық.

- Онда сен неге бір жағдайға бола жүз рет қайғырасың? Өтірік қайғыра беруден жалықпадың ба? Бір жағдайға бола саған жүз келуге мен жалықтым... "Баяғы жартас - сол жартас" деген екен. Сен сияқтыларға айтылған.

- Дәке, қайғы бір бөлек, қуаныш деген бөлек ұғымдар ғой, жүр...

- Тоқта! Болды ол әңгімең керек емес. Бәрі бір. Сен өзіңді өзің басқара аласың ба?

- Басқара алам...

- Есінеп, түшкірші ал, өзіңді басқара алсаң! Асқазаныңды, жүрегіңнің соғысын тоқтатшы! Оны істей алмайсың! Сен ақымақсың!

- Дәлел? - дедім қасарысып.

- Ол - аксиома, - деп, қарқылдап күлді, - Әне ақымақсың демедім бе? Дедім! "Жартас", ақылды адам қайғыруын тоқтатып, адам құсап өмір сүре бастаса керек. 

- Өштім, Дәке, өштім. Мен ақымақпын! Артық сөз не керек, Дәке? Анау арағыңнан құйып жібер... Сенің арағың - Мұң. Тәтті Мұңға мас болып отыра беру де жетеді маған, тек сен басымды қатырмаш... "Болдым, толдым" деген адам құриды деуші еді... Ал мен "болып, толып, құрып кеткен" адаммын... Менен бірдеңе күтіп жүрген сен менен де өткен ақымақ екенсің! 

Негізі маған дауа жоқ екен. Мұңды арақ қылып ішіп, көзге көрінбейтін Депрессиямен "сөйлесіп", соңында оның өзін "ақымақ" қылып шығардым...  

P.S.: саны көп, сапасы жоқ жазбаларға тағы біреуі келді, +1...