Періштем менің (8 наурыз мерекесі құтты болсын)

Періштем менің (8 наурыз мерекесі құтты болсын)
жеке
блог

Енді өмір есігін ашқалы тұрған бөбек тәңірден сұрапты:

- Олардың айтуынша ертең сен мені жер бетіне жібереді екенсің. Бірақ, мен соншама кішкене, әлсіз, таянышсыз ол жерде қалай өмір сүремін?

- Мен сансыз періштелер ішінен саған тек бір періштені ғана қостым. Ол сені күтіп алып, саған көмектеседі.

- Бірақ, мен осы жерді жақсы көремін. Мұнда үнемі ән тыңдаймын, күлімсіреп жүремін. Маған соның өзі жетпей ме?!

- Сенің періштең сен үшін ән айтып береді, әр күні саған күлімсіреп қарайтын болады. Сонымен сен махаббатты үйренесің. Қуанышты өмір сүресің.

- Мен адамдардың сөйлеген сөзін түсіне алмасам, мен оларды қалай түсіне аламын.

- Сенің періштең саған ең әдемі, ең жағымды сөздерді үйретеді. Сабырлық пен төккен тері арқылы сені тәрбиелейді.

- Егер сенімен тілдескім келсе қайтемін?

- Ол періште құлыңды жайып, саған дұға етудің жолдарын үйретеді.

Үміті үзілген бөбек бұртиып:

- Олардың айтуынша жер бетінде жаман ниетті адамдар да көп екен. Мені кім қорғайды?

- Сенің періштең сен үшін бүкіл өмірін арнауға әзір.

- Енді сені көре алмаймын ба?

- Ол періште саған мен жайлы айтып беретін болады. Мен үнемі сенің қасыңдамын. Бірақ, ол саған маған қалай жақындауды, маған қайта оралудың жолын үйретеді. Ол осы істегендері үшін сенен ешқандай да қарымжы сұрамайды.

Сол сәтте құлаққа ұрған танадай тыныштық орнапты да, іле-шала бөбектің құлағына жер бетіндегі адамдардың дыбысы естіле бастапты.

- Мен сенен айрылып қалмас бұрын, әлгі періштемнің атын сұрап алайын?

- Оның есімі адамдар санасынан ешқашан ұмытылмайды. Сен тек оны «Ана» деп шақырсаң ғана жетеді.

Құрметті, аяулы, сүйікті періште – Аналар, мерекелеріңіз құтты болсын. Әлемдегі қай бір ұлттың өкілі болсын өмірге келгенде ең алғаш тілашар сөзі сенің ұлы есімің екен. Ана, сағындым сені!

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: massaget.kz