Сұлу қызға хат

Сұлу қызға хат
жеке
блог

Түсін, оны құдай қосқан жары бар,
Мүмкін, кейде бойдақ күнін сағынар.
Сен ақылды емес пе едің, сұлу қыз,
Саған да бір жақсы жігіт табылар.
Білмей жүр ме бақытының бағасын,
Оған енді қандай кінә тағасың.
Сенікі де жөн емес-ау, сұлу қыз,
Кеудесіне үміт отын жағасың.
Саған деген ықыласын сезінем,
Өзін-өзі алып қашқан өзінен.
Бақытының байланғанын басқаға,
Қалай оқи алмағансың көзінен.
Жүрегінің қалауынсыз үй құрған,
Бір жүрекке екі сезім сидырған.
Жігітке көп сене берме, сұлу қыз,
Аулақ болғай басы артық пиғылдан.
Ләззатына алданба сен фәнидің,
Тірегімен теңдесетін әр үйдің.
Өмірі үшін бақыт тіле сен оған,
Дүниеге келетұғын сәбидің.