Пай-пай...
жеке
блог

Пай-пай...

Ку-ку... Пай-пай...

Туһ,.. шіркін?!. Неткен көркем, неткен сұлу...

Неткен қылықты, неткен сүйкімді едіңдер қыздар?!. ))

Пай-пай... Қыз-да-аар... Нық-нық...

Ме-ре-ке-ле-рің-із құт-ты болсын!..

Туһ, мынау... Қап... ай-ә... )))

...Ертеректе, бір бай – сайдың тасындай іріктелген жігіттерін барымтаға аттандырса керек. Олардың әрекетін бағып отырған қарсы жақ та қапы қалмай, түгел аттан аударып; үш күн дүрелеп, ат-тонын, барша киімін сыпырып жаяу қуып шықса керек. Барымта аттандырған бай – бір күн тосады, екі күн тосады, үшінші күні шыдай алмай бір құмалақшыға тас салдыртыпты. Ұятты жерлерін қолымен қалқалай, зымырап келе жатқан беттері кадрға ілініп қалса керек. Сонда отырып, құмалақшының байдан бір, құдайдан екі жасқана айтқаны мынау екен:

Құмалақ алжасуды білген емес,

Бет алып, елге қарай жүргені елес.

Қолдарына бірдеңе келеді ұстап –

Әйтеуір, жігіттерің құр қол емес...