Көп ұйықтау жасөспірімдер үшін пайдалы

Көп ұйықтау жасөспірімдер үшін пайдалы
жеке
блог


Балалардың
көп ұйықтауынан қауіптенбеген жөн екен. Өйткені, Питтсбург университетінің ғалымдары
ұзақ ұйқының жас ағзаның инсулиндік төзімділігін арттырып, сусамырдан қорғайтынын
анықтады. Ғалымдар жоғары сыныпта оқитын 245 оқушының ұйықтау ұзақтығы мен
резистенттілік көрсеткішін зерттеген. Апта бойы жасөспірімдерден қан үлгілері
алынып, талдау жасалды. Ұйқы режиміне қатысты арнайы күнделік жүргізілді.
Зерттеудің нәтижесінде ұйқысы қанбай жүрген балалардың ұйықтау уақытын бір-екі
сағатқа ұлғайтуы ағзадағы инсулиндік беріктікті 9 пайызға арттыратыны анықталды.
Ғалым Карен Мэтттьюздің айтуынша, ағза резистенттілігі көрсеткішінің артуы
адамды ерте жастан сусамыр ауруынан қорғауға мүмкіндік береді.



 Ақпарат «Ақ босаға» республикалық
газетінен алынды.