Қонысыма құтты болсын айта отырыңыз)))

Қонысыма құтты болсын айта отырыңыз)))
жеке
блог

Сәлеметсіздерме! «Массагет ауылының» тұрғындары!  «Ауыл»  дедім бе... Е-е-е  ауыл баласын  қашанда ауылға тартып тұратыны-ай осы... ))) Бұл ауылға қонақ болып келіп-кетіп жүргеніме де төрт айдың жүзі болып қалыпты. Қонаққа күнде келмегеніммен, екі-үш күнде, аптасына бір келіп, Сәния Аринова, Мейіргүл Ұшқын,  тағы да басқа замандастарымның айтқан  әңгімелерінен өзіме керек-керек деген нәрселерді көкейіме тоқып, көңіліме сіңдіріп алып кететінім бар. Ал енді бүгін қонаққа емес, «Массагет ауылына»  көшіп келіп жатқан жайым бар. Қадірлі «Массагет ауылының» тұрғындары «Жақсы көршің, жаман туысыңнан артық» демекші, туыстан артық  жақын болып, тіл табысып кетемін деген ойым бар өздеріңізбен. Өзім туралы қысқаша айта кетсем, біреуден алда, енді бірінен артта болған, қарапайым тіршілік иесімін. Адамның армандарының шегі бар ма?! Сабағымды жақсы оқысам дедім, Бір мамандықты игерсем дедім, өз нанымды өзім тауып жер күнге тезірек жетсем дедім, тезірек сұлу бойжеткен болып есейсем дедім))), ата-анамның берген тәрбиесіне лайық болайыншы дедім, ата-анам, бауырларым бүтіндей аман болса екен дедім, елімізде тыныштық мәңгі орнаса дедім, тағысын  тағы осылай кете береді. Ия, Шүкір! Аллам көпсінбесін. Сабағымды жақсы оқыдым, заңгерлік мамандығын игердім, өз нанымды өзім тауып жеп жүрмін, ата-анам аман, бауырым бүтін,  24 жасқа келген сұлу бойжеткен де болдым мінеки))). Ал қазіргі арманым, тілеуім  Аллам осы бақытымнан, осы барымнан айырмаса екен деймін. Менің отбасым әулетіміздің қара шаңырағы, сол қара шаңырақтың  төрінде асқар тау боп әкем, ақжаулықты анам 100 жастан асып отырса деймін, жалғыз бауырым аман болып,  келген қонақты тәтті тамағымен ғана емес, ашық-жарқын қабағымен қарсы алар, ақылды  бойжеткенмен отау құрса деймін,  артымнан өкшелеп еріп келе жатқан екі сіңілім, қыз ғұмырына лайықты боп бойжетсе деймін. Қазақ «Көрпеңе қарай көсіл» демейме. Өзіме келер болсам, мансап қуар ойым жоқ, тек орта деңгейдегі жұмысым болса, соны қанағат тұтамын. Достарым көп деп айта алмаймын. Бірақ біріміз үшін біріміз жан берерліктей екі құрбым бар. Міне, осылай, замандастарым, көп сөйлеп кеткенім үшін кешірім сұрап қояйын. Негізі табиғатымнан тұйықпын, көрінгенге ашылып сөйлей бермеймін. Бүгін бір ақтарыла сыр тарқаттым-ау деймін. Ендеше дос болайық, пікір алысайық, сын айтайық, мін түзейік!  

Қымбатты Арулар, қазақ қыздары! Мерекелеріңізбен. Сұлу болыңыздар, бақытты болыңыздар! Әрбіріңіз шынайы бақытқа әбден лайықтысыздар!