Дем алшы мама,жата тұршы, болды енді,
жеке
блог

Дем алшы мама,жата тұршы, болды енді,

 

Дем алшы мама,жата тұршы, болды енді,

Келді көктем,көңіліміз гүлденді.

Тынбайсыз-ау ,өмірдің  жыры  біте ме?!

Өсті-ғой балаң,тізесінен түргелді.

 

Құрысын бәрі,бақыт деп білген сор тағым,

Дәмінде екен, сіз берген ет пен сорпаның.

Еңбекпен елеп,терменен берген тәрбиең

Ақталмай- ақ қалатындай қорқамын.

 

Жетеді маған,жақсылығын жасаған,

Жалқауланбасын,жыбырлар енді жас адам.

Жаныңды артық көрмей жүр  бар балаңнан

Балаңның жаны жараны ойлап жасаман.

 

Ағарсын қаным, көргенше ана ақ шашын,

Ауырса басың күңіртер көңіл бақшасын.

Жүректі жырып барады әрбір әжімің,

Курортқа баршы...

Өзім-ақ берем ақшасын!!!