Жаза аламын деп жаза бер.....

Жаза аламын деп жаза бер.....
жеке
блог

фото: thenews.kz алынған 

Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі. 

                                                                                                                   В.Обручев.

Жаза білу жаратқанның берген бір сыйы болса, оны ары қарай жаттықтыру жамағаттың жұмысы емес пе. Жарыса жазылған жайдарлы кеңестер мен, алмағайып дүниенің қыры мен сырынан хабардар болған пенделердің ақ қағаздың бетіне, ағыта жазған ақпараттарына тек қана алғыс айтудан басқа амалымыз бар ма? Жазушының барлығы аузын ашса адуынды сөз шығарар не болмаса, қалам тергесе қара аспанды қақ жарар құнды сөздерін бірден жазды деп дүйім жұрттың жалма - жан айтқанын көрген емеспін. "Кімде -кім тәжірибиеде қиналса, ұрыста оңай болады" деп Бауыржан Момышұлы айтпақшы айдарынан жел ескен журналист болам деушілер де алдымен тәжірибиеден өту керек емес пе. Айтқым келгені.

   Құрметті Әли мырза ат үсті айтылған сөз, арбадағы адамдарды аударып кетуі мүмкін емес пе. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын, жаманның жамандығын айт құты қашсын демейме. Ал осы жақсылықтарға нышан болушы, қаламы қарымды журналист болу үшін ен алдымен осы блогқа жазып үйренген дұрыс секілді. Біреудің айтылмаған арманы, ал бірінің тағдырдың көрсеткен тауқыметі, енді бірінің қызық құмарлығы жайлы жазылған бұл блогтағы әрбір жазылған дүниенің өз оқырманы да табылып жатады. Блог бұл қарапайым жұртшылықтың өзі жазып өзгеге оқытар ойлары емеспе. Қаламақысы жоқ жазбаларды жапа - тармағай сынау салиқалы жұмысқа жатады дей алмаймын. Қырт жазба деп қырти бергенше құрдымға кеткелі жатқан кеменің желкенін басқа жаққа бұрғызар жоспарларың болса ортаға салып бөлісе де білуің керек қой. Массагет блоггерлерінен кеткен бір қателік, әрқандай пікір болмасын, ақ ту көтірілсе ақтап, қара ту көтерілсе жақтап та жатады. Бірақ жазылған жазбаның жайын сөз еткенше, жазушы жастарға жалынды жаңалықтарыңды айтып ой бөлісуде сенің міндетің ғой. Алты ай бойы сырттан бағып сынған жерін іздегенше, сабылып сандалып бара жатқан блогтың басын қайыруға тырыспадың ба. Ал блоггерлерге айтқым келгені:

  Ұстанымдарыңызға сенімді болыңыздар, бос сөзге безбүйрек танытып мақтағаннан, маңдайға басар шындықтарын жазып көрсетсеңіз, келесіде қайталанбайтындай болады. Ал әркімнің не жазғысы келеді ол өз қолында, Отарды отқа саламыз деп, оттап қалмайық сондықтан жүрген жолымен жүре берсін. Ал біз сол блогты бұрыс кетсе дүрыстап, жолға салайық. Осы еді менің айтқым келгені.